Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бүгінгі күннің мәселелері талқыланды - АРҚА АЖАРЫ

Бүгінгі күннің мәселелері талқыланды

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде өңірімізге инвестициялар тарту, алдағы қысқы жылу беру маусымына осы бастан дайындық жасау және әлеуметтік нысандарды жаңартып, жөндеу мәселелері қаралды.

Жоспарлы экономикалық көрсеткіштердің орындалуына ерекше екпін түсірген өңір басшысы аудан және қала әкімдеріне, сондай-ақ, аймақтық мекеме басшыларына орташа айлық еңбекақыны көбейту жөнінде талап қойды. Сонымен қатар, өңір басшысы әлеуметтік нысандардың белгіленген мерзімде жөнделуіне де ерекше назар аударды. Облыстық білім басқармасының басшысы Б.Ізбасарованың айтуына қарағанда, бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде аймақтағы 16 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың барлығы да ерекше бақылауға алынған.
Облыс әкімі мекеме басшыларына аймаққа инвестиция тарту ора-йында белсенді жұмыс істеу міндетін қойды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Б.Мұстафиннің деректеріне қарағанда, 2016 жылы облыста жалпы құны 101,4 миллиард теңгені құрайтын әрі 3145 тұрақты жұмыс орнын ашатын 94 инвестициялық жобаны жүзеге асыру межеленген. Оның ішінде Индустрияландыру картасы шеңберінде 20 нысан жоспарланған.
Бүгінгі күні облыста жалпы құны 3,9 миллиард теңгені құрайтын 19 жоба жүзеге асырылып, 455 жұмыс орны ашылған. Бұл көрсеткіш өткен жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 8 жобаға артық. Өткен жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде құны 400 миллион теңгелік бір жоба жүзеге асырылып, 50 жұмыс орны ашылған болатын.
Кеңесті қорытындылаған облыс әкімі Сергей Кулагин негізгі әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарына орай нақтылы тапсырмалар берді. Оның ішінде инвестиция іздестіру, жылу беру маусымына дайындықты ширату, жоспарланған құрылыстарды және жөндеу жұмыстарын уақытында,  сапалы аяқтау тәрізді мәселелер бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар