Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
АСТАНАЛЫҚ ОБЛЫС БОЛА ТҰРЫП, ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН БІР СПОРТШЫ ДАЙЫНДАЙ АЛМАДЫҚ-АУ!.. - АРҚА АЖАРЫ

АСТАНАЛЫҚ ОБЛЫС БОЛА ТҰРЫП, ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН БІР СПОРТШЫ ДАЙЫНДАЙ АЛМАДЫҚ-АУ!..

Əр төрт жылда бір рет өткізіліп тұратын ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының басталуына да санаулы уақыт қалды. 2016 жылдың 5 тамызынан 21 тамызына дейін Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейрода өтетін дүбірлі жарысқа біздің елімізден 101 спортшы қатыспақшы. Отандас спортшыларымыздың жеңіске жетуіне тілектес болып, жанкүйерлік жасармыз-ау, дегенмен, солардың арасында бірде-бір ақмолалық спортшының жоқтығы көңілге қаяу салатыны болмаса…   Ақмолалық спортшылардың бағы жанғаны Бейжің Олимпиадасы болғаны е с і м і зд е . Қ о с б і рд е й  з і л т е м і р ш і қыздарымыз Ирина Некрасова мен Мария Грабовецкая еліміздің атын асқақтатып, күміс жəне қола жүлдегер атанғанда ақмолалықтар бөріктерін аспанға атып қуанған. Жүлдегерлеріміздің туған жерге оралуы қаншалықты салтанатпен ата- лып өтті десеңізші. Жеңіл автокөліктер шеруімен, жиналған қалың жанкүйерлер қауымының қошеметімен қос жұлдызын ақмолалықтар көкке көтеріп зор құрметпен қарсы алған еді. Өкінішке орай, облысымыз бен еліміздің атын аспандатқан қос зілтемірші қыздарымыздың жұлдызды жолы одан əрі жалғаспай, үзіліп қалды. Лондон Олимпиадасында зілтемірші Анна Нұрмұхамбетовадан үміт күтіп едік, ол бесінші орынды місе тұтты. Үкілеп додаға қосқан басқа спортшыларымыздың бəрі көш соңында қа лып, жерге қаратты. Содан бері де, міне төрт жыл уақыт өтіпті. Лондонда қайталаған сəтсіздіктен сабақ алып, алдағы Олимпиадаға дұрыстап дайындалайық деген үміт тағы да желге ұшқандай болып тұр. Алдын ала бұлай деп үзілді-кесілді үкім шығаруымызға себеп болған жай – биылғы Олимпиадаға біздің облысымыздан бірде-бір спортшының қатыспайтындығы. Иə, өкінішке орай, Рио-де-Жанейроға баратын қазақстандық спортшылардың арасында ақмолалықтар жоқ. Жалғыз ғана үміт отын тұтатқан параолимпиадаға қатысатын ақмолалық Вадим Дукарт бо- лып тұрған жайы бар. Мүгедек спортшы- лар арасындағы түрлі дүбірлі жарыстарда жақсы нəтижеге жетіп жүрген жерлесіміз Олимпиадада топ жара ма, жоқ па, ол енді уақыттың еншісінде. Б і з д і ң о бл ы с ы м ы з д а н б и ы л ғ ы Олимпиадаға неге бірде-бір спортшы ілікпеді? Осы сауалды қойғанымызда, облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының орынбасары Владимир Светличный бірқатар себептерді алға тартты. Ең басты себеп, үміт күткен жекелеген спортшыларымыздың түрлі себептермен жарысқа қатыса ал- май қалғандығында. Мəселен, өткен Олимпиадада азулы қарсыластарына тəжірибесіздігі, жастығы болар, аздап есе жіберіп алған Анна Нұрмұхамбетова отбасын құрып, сəбилі болуы себепті жаттығуын тоқтатса, Мария Грабовецкая іріктеу жарысында қарсыластарына есе жіберіп алған. Жалпы, облысымызда жазғы Олимпиа- да ойындары бойынша жеңіске жетеміз деп үміттендірер спорттың үш түрі бар, олар бокс, триатлон жəне ауыр атлетика. Таяуда ғана Астанадан əйелдер арасында бокстан əлем чемпионы болып оралған жерлесіміз Дина Жоламанның салмағы Олимпиада ойындары бағдарламасына кірмейді екен. Ол 51 келілік салмақта рингке шыққан еді. Ал, Олимпиада ережесіне сай ондай салмақ жоқ, мұнда боксшы қыздар 54 келілік салмақ бо- йынша қолғап түйістіруі тиіс. Əйтпеген жағдайда, Дина Рио-де-Жанейрода жа- сындай жарқылдап, облысымыздың ғана емес, еліміздің намысын қорғары анық еді. Өкінішті-ақ, əрине. Триатлоннан əлемдік жарыстардың алдын бермеген Дмитрий Гаагтың жо- лын қуушы мықты спортшы əзірге об- лысымызда болмай тұр. Үміт күткен спортшыларымыздың бəрі іріктеу жарыс- тарынан əрі аса алмаған. Жоғарыдағы Владимир Светличный- дың уəжіне сенсек, облысымыздан О л и м п и а д а ғ а қ ат ы с ат ы н м ы қ т ы спортшылардың шыға алмай отыруына бірқатар объективті себептер бар. Ең алдымен, балалар мен жасөспірімдер арасында талантты спортшыларды даярлауға мүмкіндік беретін спорт клуб- тары тапшы. Бүгінде облыста балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтарының саны үшеу ғана. Сондай-ақ, ауылдық округтерде дене шынықтыру жəне спорт жұмыстары жөніндегі нұсқаушы штаттары қарастырылмаған. О б л ы с т ы ң 1 9 а у д а н ы н ы ң 1 1 – інде типтік спорт кешендері жоқ. Осы жағдайлардың бəрі ауылдарда жасөспірімдер арасында спортты да- мытып, талантты жастарды тəрбиелеп шығаруға кедергі келтіруде дегенді айтады облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы басшысының орынбасары. Қалай десек те, биылғы Олимпиададан астаналық облысымыз сырт қалып отыр. Бұл – жақсылық нышаны емес. Бармақ тістер, өкінішті жағдай. Облыстағы спорттың деңгейін көрсетер басты бір өлшем. Осы саланың басындағы лауазым иелері мен мамандар мұндай олқылықтың алдағы Олимпиадаларда қайталанбауына қазірден жіті көңіл бөлгендері жөн дер едік. «Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» деген халық даналығын естен шығармаған абзал. Өз аймағымыздан тəуелсіз еліміздің туын ұстап шығар спортшы болмаса да, сол Олимпиадаға қатысар бір ұлан болуы керек еді ғой. Бұл жөнінде оқырмандардың не ойы бар, га- зет арқылы көпшілікпен бөлісулеріңізге болады.

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар