Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
ІРГЕЛІ АУЫЛДЫҢ ИЕСІ - АРҚА АЖАРЫ

ІРГЕЛІ АУЫЛДЫҢ ИЕСІ

немесе «Полтавка-2» серіктестігінің директоры, облыстық мəслихаттың
депутаты Николай Белобров туралы үзік сыр

  «Полтавка-2» серіктестігі егіншілікпен бірге, мал шаруашылығын қатар дамытып отырған іргелі шаруашылықтардың бірі. Серіктестік 12000 гектар алқапқа дəнді дақылдар себеді. Оған қоса, 1 мың гектар майлы дақылдар жəне 400 гектар көпжылдық екпе шөп егеді. 4 гектар алқапқа картоп отырғызады. Бүгінде шаруашылықта 1500 шошқа, 400-дей ірі қара мен 150 бас жылқы бар. Кеңес заманында ортанқол кеңшарлардың санатында болған Полтавканың өзгелерден оза шауып, нарық заманында іргелі шаруашылыққа айналуының сыры неде? Оның сырын жиырма жылдай уақыт шаруашылық тізгінін ұстап келе жатқан серіктестік директоры, Ақмола облыстық мəслихатының депутаты Николай Федорович Белоб- ровпен сөйлескенімізде түсінгендей болдық. 1983 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін бітірген жас маман сол кезде «Родина» ұжымшары атанған бүгінгі Полтавка ауылындағы шаруашылықтың бас агрономы болып тағайындалады. Міне, осы кезден бастап жас жігіт өз өмірін осы ауылмен байланыстырған еді. Өзі осы Атбасар ауданының тумасы. Басқа жақтан бақыт іздеп немесе қызмет баспалдағымен өсіп, биіктерге көтерілейін деген ниет те болған емес. Тағдырын жермен байланыстырған жігіт осында отбасын құрды, сүйікті жар, аяулы əке атанды. Ең бастысы, жақсы маман, ал кейінірек білікті басшы ретінде танылды. Еліміз тəуелсіздігін алғаннан кейін нарыққа көшуге байланысты туындаған қиындықтар көптеген іргелі шаруашылықтардың іргесін сөгіп жатты. Сол тұста ауыл тұрғындары өзгелер сияқты пайларын алып, жеке тірлік кешуге құлшынбай, бірлесе іс жасауды мақұл көрді. Ауылдағы 375 отбасы өз пайларын ортаға салып, «Полтавка» атанған серіктестік құрды. 1997 жылы ауылдастары шаруашылықта біраз жыл жұмыс істеп, өзін жақсы қырынан көрсеткен Николай Белобровқа сенім артып, серіктестік басшысы етіп сайлады. – Жасыратын не бар, алғашында өте қиын болды. Техниканың бəрі ескі. Қосалқы бөлшектер, жанар- жағармай сатып алу керек. Көп бейнетпен жинаған астықты лайықты бағасына сату да оңай шаруа емес. Ең қиыны, жұмыс істеп жүрген еңбеккерлердің жалақысын беру болды, – деп есіне алады өткен кездерді бүгінгі жұмысы өрге басқан шаруашылықтың басшысы. Сол тұста қиындыққа шыдамай өзге жаққа көшушілер қатары да көп болған. Полтавка ауы- лынан да атажұрттары Ресейге немесе Германияға қоныс аударғандар болды. Дегенмен, тұрғындардың басым көпшілігі үйренген, өркен жайған мекеннен ірге аудармады. Олар қиындықтарға төзіп, басшылық тізгінін ұстаған Николай Федоровичтің іскерлігі мен сөзінде тұратын адами қасиеттеріне сенім артты. Жəне көпшіліктің бұл сенімдері алдамапты. Іскер басшы күндіз күлкі, түнде ұйқыны ұмыта жүріп, шаруасы кері кеткен шаруашылықты тығырықтан шығаруға білек сыбана кірісті. – Сол бір қиын-қыстау кезеңде біраз шаруашылықтар қалталы инвесторларға иек артып, тығырықтан шығудың оңай жолын қарастырған еді. Маған да сондай ұсыныстар түскен, – дейді серіктестік ди- ректоры. Дегенмен, тумысынан қолына алған істі аяғына жеткізгенше тыным таппайтын бірбеткей жігіт қиындықты артқа тастап, жақсы табыстарға жетеріне іштей сенген. Сол қиын кездерде бірнеше айлап жалақы алмай жүрсе де шыдаған еңбеккерлерге оның айтар алғысы шексіз. Иə, олардың бəрі ауыртпалықтың уақытша екендігін, береке мен бақуаттылыққа қол жеткізу өздеріне байланысты болатындығын жақсы түсінді. Мұндай ортақ түсінікке жігерлі басшының тигізген ықпалы да аз болмағаны анық. Бүгінде «Полтавка-2» ЖШС аудандағы ең іргелі шаруашылықтардың бірі болып саналады. Екі жүзден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған шаруашылықта еңбек ететіндердің орташа айлық жалақылары 55 мың теңгеден айналады. Қосалқы шаруашылықтары бар ауыл тұрғындары үшін бұл жаман табыс емес. Серіктестік тек жалақымен ғана шектелмей, өз жұмысшыларын, одан қалды пайларын салып отырған барлық ауыл тұрғындарын қажетті жемшөппен қамтамасыз етіп отыр. Ауылдағы мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, монша – бəріне серіктестік қаржылай көмек көрсетіп тұрады. Шаруашылықтың көмегі мұнымен шектелмейді. Осы ауылдан жоғары оқу орнына түсіп, оқып жатқан отыздан астам баланың оқу шығынын да серіктестік көтеріп отыр. Сондай-ақ, Қарағандының медициналық университетінде оқып жатқан жергілікті жастың оқу ақшасын түгел төлеуде. Құдай қаласа ол жігіт оқу бітіргесін аудандық ауруханада қызмет етпек. Осылай- ша шаруашылық аудандық аурухананы қажет маманмен қамтамасыз етуге көмегін тигізуде. Өткен жылды «Полтавка-2» ЖШС жақсы табыспен аяқтады. Күздегі егін жинау науқаны кезіндегі ауа райының қолайсыздықтарына қарамастан, егін орағы уақытында аяқталды. 16 мың тонна астық жиналды. Гектар түсімі 13,5 центнерден айналды. Бір жылдағы шаруашылықтың жалпы табысы 640 миллион теңгені құрайды. Серіктестік егіншілік пен мал шаруашылығын ғана дамытып қоймай, өңдеуші кəсіпорындар ашуға да көңіл бөледі. Ұн тартатын диірмен жұмыс істейді. Рас, ұнды тек өздерінің ішкі қажеттіліктері үшін ғана өндіреді. Сонымен бірге, наубайхана жұмыс істеп тұр. Аудандағы ең арзан нан осында. Тұрғындар нау- байханадан бөлке нанды 35 теңгеден алады. Сүт өнімдерін шығаратын шағын цех бар. Жазда қымыз да өндіріледі екен. Əзірге ішкі қажеттіліктер үшін ғана шығарылғанымен, алдағы уақытта сүт өнімдері мен қымызды сатуға шығару да жоспарда бар. – Ауыл шаруашылығымен айналысу аса табыс- ты сала емес, – дейді Николай Федорович. – Рас, соңғы жылдарда мемлекет тарапынан субсидия түрінде біраз көмек көрсетілуде. Бірақ та, ауыл шаруашылығы тауарларының бағасының төмендігіне байланысты мол табыс табу қиын. Осы орайда, серіктестік жақсы табыс түсіретін асыл тұқымды ірі қара сатып алуды қолға алыпты. Өткен жылы Балка- шин асыл тұқымды мал зауытынан жүз бас герефорд тұқымды қашар сатып алған. Бұған 36 миллион теңге ақша жұмсапты. Биыл тамыз айында қашарлар алғаш рет төлдейді. 500 келіге дейін салмақ тартатын герефорд сиырлары шаруашылыққа болашақта жақсы табыс түсіретін түрі бар. Серіктестік машина-трактор паркін жаңғыртуға да жете көңіл бөліп отырады. Бүгінде егін алқабында алымдылығы жоғары шетелдік ауыл шаруашылығы кешендерін, «Бюллер», «Джон-Дир» маркалы тракторлары мен комбайндарын көруге болады. Биыл қыстай техниканы алдағы егіске дайындаумен айналысқан механизаторлар жер кебе бірден ылғал жабу жұмыстарына кірісті. Науқанға қажетті жанар- жағармай мен тұқым қоры жеткілікті. Соңғы жылдарда Полтавка ауылынан басқа жаққа көшіп кетушілер болған емес. Тұрмыстары жыл санап жақсарып келе жатқан тұрғындар үйлерінің шатырын металл чере- пицамен жауып, сыртын пластикпен қаптап дегендей сəулеттендіре түскен. Əдемі қоршаумен қоршалған сəулетті үйлер көз қуантады. Полтавкамен бірге оның бөлімшесі болған Титовка ауылына да қамқорлық жа- сап отырған серіктестік шын мəнінде ауылдың асырау- шысы десе болады. Кездескен ауыл тұрғындарының бəрі директормен емен-жарқын амандасып, хал жағдай сұрасып жатты. Тіпті, мектепте оқитын кішкентай балалар да қол беріп амандасады. – Ағаштар енді ғана бүршік жарып жатыр, ал жапырақ жайып, көк шыққан кезде ауылымыз құлпырып кетеді, – дейді Николай Федорович. Оның үнінен өсіп өркен жайған ауылына деген сүйіспеншілк пен мақтаныш лебі анық сезіледі. Иə, бар саналы өмірін ауылмен байланыстырған, күш-жігері мен қарым-қабілетін туған жерді өркендетуге бағыштаған серіктестік директоры Николай Белобров шын мəнінде осы ауылдың иесі десе болатындай. Иесі демекші, иесіз ауылдардың құлазып, айдың күннің аманында шаңырақтары шайқалып жатқанын талай көрдік. – Қарындасым Тимашевка ауылында тұрады. Үйін сатайын десе, ешкім алмайды. Ауылдың жартысынан көбі қаңырап қалған, – дейді ол. Бір кезде М.Горький атындағы аудандағы ең іргелі шаруашылықтардың бірі болған Тимашевканың басы- нан бақ тайған сияқты. Пайларын бөліп алып, əркім өз бетінше тірлік кешпекке бекінген бұл ауылдан береке қашып, күнкөріс қамымен көп адамдар көшіп кетіпті. Бізбен қоштасқан серіктестік басшысы көк түсті «Нивасына» отырып мал фермасына қарай кетіп барады. Күнделікті тірліктің бəріне үлгеру, қордаланған мəселелердің бəрін шешу қажет. Сонда ғана зымыраған замана көшінен қалмай, ілгері дамуға болады. Үш жүзден астам отбасының тағдырын мойнына алған ауыл иесі – «Полтавка-2» серіктестігінің директоры Николай Белобровтың тынымсыз жұмыс күні жалғасуда.

Қалкөз Жүсіп,

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар