Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қоғам күшімен шешілетін мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Қоғам күшімен шешілетін мәселе

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру мақсатында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру жөнінде шара өтті.

  Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментінің, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мен бизнес қауымдастығының өкілдері қатысқан іс-шараны облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Сейітқали Мүлкин ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде мемлекеттік қызмет қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге ие екенін, мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық сипатына жоғары талап ұсынылатынын айтып өтті.
–Қоғам мемлекеттік қызметшінің атқаратын кәсіби қызметіне бар күшін, білімі мен тәжірибесін салып, өз Отанына адал қызмет етеді деп есептейді. Сыбайлас жемқорлық ел экономикасына кесірін тигізетін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету бәсекеге қабілеттілікті дамытуды қамтамасыз етіп, шағын, орта және ірі бизнесті дамытуға мүмкіндік береді. Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұл әрекетке барған мемлекеттік қызметші тек қана тәртіптік жауапкершілікке тартылып қоймай, өмірін, қызметте өсуі мен болашаққа деген жоспарын өзгертуі мүмкін,– деді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин.
«Салық салу саласында туындайтын сыбайлас жемқорлықтың негізгі факторлары: салық қызметінің немесе салық төлеушінің әділетсіз мінезі» тақырыбында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті ішкі қауіпсіздік басқармасының аға офицері Нұрым Сейітахметов және аталмыш департаменттің адам ресурстары басқармасының бас маманы Сәуле Құдабаева баяндама жасады. Олардың айтуынша, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған кешенді шаралар тұрақты негізде жүргізіледі. Олар 2015-2025 жылдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттерді орындауға негізделеді.
Шаралар сыбайлас жемқорлық тәуекелдігін ескерту мен алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеуге, қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беруге, жоғары моральдық-этикалық нормаға тәрбиелеуге бағытталған. Жемқорлық оқиғасы көбіне мемлекеттік қызмет көрсету кезінде байқалатынын атап өткен жөн. Бүгінгі таңда департамент электрондық салық және кедендік қызмет санын көбейту арқылы салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары қызметшілерінің тікелей кездесуін азайтуға ұмтылуда. Мемлекеттік кірістер органдары тұрақты негізде бизнес субъектілерімен және тұрғындармен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізеді. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен реттемесі жасалып, бекітілген. Жыл өткен сайын электрондық түрде ұсынылатын қызмет ауқымы ұлғаюда. Бүгінгі таңда «электрондық үкімет» порталы немесе ведомстволық портал арқылы алынатын 52 мемлекеттік қызмет түрінің 39-ы автоматтандырылған. Мәселен, өткен жылы 707081 әртүрлі мемлекеттік қызмет, оның 579642-і электрондық түрде, 123545-і қағаз түрінде көрсетілді. Биылғы жылдың үш айында барлығы 210013 қызмет көрсетілді. Салық өтінішін қабылдау бөлігінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне енетін 14 мемлекеттік қызмет тұрғындарға қызмет көрсету орталығына берілді.
Салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер органдары арасындағы электрондық ақпарат алмасу жүйесі тұрақты жетілдіріледі. Қызмет ұсынатын жаңа міндеттер қосылуда. Облыстағы мемлекеттік кірістер органдарының барлық құрылымдық бөлімшелерінде терминалдар бар. Терминалмен кез келген салық төлеуші «Салық төлеуші кабинетінің» қызметін, сондай-ақ, СОНО, ЭФНО, ИСИД, ҚҚС тәрізді электрондық алмасу бағдарламаларын пайдалана алады. Терминалдың барлық қызметі тегін. Азаматтардың сенімін нығайту, жұмыстың ашықтығын арттыру, лауазымды өкілеттілігін асыра пайдалану және әдеп кодексінің нормасын бұзу, құқық немесе қылмыс жасау фактілері бойынша уақытында өтініш беру мүмкіндігін нығайту мақсатында департаменттің әр бөлімшелерінде сенім телефондары орнатылған. Бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдары мен департаменттің сайтында жарық көреді. Сөйтіп, сыбайлас жемқорлықтың проблемасын ішінара шешуге болады. Бұл істе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты тетігі бұл үрдіске әр азаматтың қатысуы болып табылады. Бұл жөнінде іс-шара барысында бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар