Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жас ұрпақ есірткіге елікпесін - АРҚА АЖАРЫ

Жас ұрпақ есірткіге елікпесін

Елбасының «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында  еліміздің қазіргі жаһандану заманында дамып, бәсекелестікке қабілетті озық елдер қатарына енуі үшін қажетті рухани жаңғыру бағдарлары мен осы орайда атқарылар нақты міндеттер белгіленген.

Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстайтындар бүгінгі  жастар. Сондықтан, оларға саналы тәрбие беру, бүгінде белең алып бара жатқан нашақорлық, маскүнемдік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға баулу мемлекеттік маңызы бар мәселе болып табылады.

 «Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін» дейді Мемлекет басшысы мақаласында.  Қазіргі жаһандану үрдістері күн санап тереңдеп еніп келе жатқан заманда жас ұрпақтың өзгелердің теріс көзқарастарының ықпалына түсіп кетуіне жол бермеу, олардың бойындағы отансүйгіштік, ұлтжандылық сияқты жақсы қасиеттерді дамыту қазіргі аға ұрпақтың ең басты міндеті. Осы орайда, прокуратура органдары да Елбасы мақаласында алға қойылған ауқымды міндеттерді орындау жолында өз құзыреті шеңберінде мақсатты жұмыстар жасап келеді. Прокуратура өз құзыреті шеңберінде жас ұрпақты нашақорлық, маскүнемдік,  құқық бұзушылық пен қылмыс сияқты жаман әдеттерден аулақ болуға шақырып келеді. Бұл жұмыстар БАҚ арқылы бүгінде жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып бара жатқан нашақорлықтың зияндылығы жөнінде айтып, жазумен бірге, тікелей өз құзыреттері шеңберінде есірткі тарату мен саудасына қарсы күрес түрінде де  жүргізілуде.
Есірткі тарату заң арқылы тыйым салынып, бұл әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік  пен жаза белгіленген. Прокуратура органының міндеті есірткі саудасына қатысты өткізілетін сот  мәжілістеріне мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысып, қылмыскерлердің заңды жазаларын алуына жағдай жасау болып табылады. Өкінішке орай, жастарымыздың санасын улап, есірткіге тәуелді етумен айналысатын есірткі сатушылар қатары жыл санап көбеймесе, азаймай отыр. Мәселен, биылғы жылдың басынан бері ғана есірткі саудасымен айналысқан 90 адамға қатысты 84 қылмыстық іс сотта қаралып, жазықтылардың бәрі заң шеңберінде жазаларын алды. Жазаланғандардың қатарында бір әйел бар. Алғашқы сатыдағы сот шешіміне разы болмай, сотталушылардың шағымдануына орай,  24 адамға қатысты 18 іс апелляциялық тәртіпте қайта қаралып, алғашқы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.  Өткен жылмен салыстырғанда есірткі саудасына қатысты сот қараған істер қатары біршама өскені байқалды. 2016 жылы 75 азаматқа қатысты 76 қылмыстық іс қаралса, жоғарыда айтып кеткеніміздей биылғы жылы  90 адамға қатысты  84 іс қаралды. Сотта қаралып отырған қылмыстық істер санының өсуі  есірткі саудасының белең алуын ғана көрсетпейді, оған қарсы күрестің де пәрменді бола түскенін айғақтайды. Жас ұрпақты нашақорлық сияқты қатерлі дерттен қорғау үшін қолдан келген мүмкіндіктер мен амал-тәсілдердің бәрін пайдалану қажет. Осы орайда, Ақмола облыстық прокуратурасы елімізде бірінші болып сотталушымен мәміле жасап, сол арқылы қылмысты ашуға мүмкіндік туды.
Бүгінгі күнге дейін облыс прокуратурасымен осындай екі мәміле жасалып, соған байланысты бес адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Соның біріне тоқтала кетейік. Есірткі саудасымен айналысқаны үшін сотталған Х. деген азамат  жаза мерзімін қысқарту үшін құқық органдарымен мәмілеге келді. Сөйтіп, ол есірткі сатумен айналысатын
А. есімді азаматты ұстауға көмектесті.  
Облыс прокуратурасы есірткі саудасының жолын кесу бағытындағы барлық шараларды жасап, жастарымыздың санасын улайтын қатерлі дертті ауыздықтау бағытында тұрақты және мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді. Қылмысты жазалағаннан гөрі, оның алдын алудың тиімді екендігін ескеріп, осы алдын алу жұмыстарына жете көңіл бөлінеді. Осы орайда, прокуратура қызметкерлері БАҚ арқылы есірткінің адамның денсаулығына, психикасына зиянын айтып, жазған материалдарды үнемі жариялап тұрады. Сонымен бірге, жастар аудиторияларында кездесулер өткізіп,  нашақорлықтың қатерлілігі жайында әңгімелер, лекциялар оқылады.
Елбасы мақаласында көтерілген рухани жаңғыру идеялары ең алдымен, жастарымызды жаман әдеттерден қорғап,  олардың бойында отансүйгіштік, салауаттылық, туған жер мен елге деген құрмет сияқты игі қасиеттерді орнықтыру бағытындағы жұмыстарды жүргізуге үндейтіні белгілі. Прокуратура органдары да өздеріне жүктелген міндет шеңберінде осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да үзбей жүргізетін болады.  

Айымгүл ЖАМАНБАЛИНА,
облыстық прокуратураның қылмыстық істер жөніндегі сот актілерінің заңдылығын қадағалау
басқармасының аға прокуроры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар