Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Пәтер сатып аламын десеңіз... - АРҚА АЖАРЫ

Пәтер сатып аламын десеңіз…

Баспана сатып аламын деген адамдардың барлығы да өз қалтасы көтеріп, жағдайы келетін екінші деңгейлі үйлерден іздейді. Жаңа үйлер қымбат. Оларды несие арқылы алмаса, бірден сатып алу қарапайым адамға оңай емес. Десе де, осы баспана сатып алу кезінде сан түрлі жағдайға назар аудару қажет. Мәселен, үйді қай мезгілде сатып алған ыңғайлы және бұған қандай уақыт қолайлы? Осы орайда, тұрғын үйді сатумен айналысатын мамандардың кеңесін беріп отырмыз.

Тұрғын үй саудасы жыл сайын белгілі бір уақыттарда қызу жүреді. Ол қатып қалған заңдылық болмаса да, осылай.
Тұрғын үй саудасының ең төменгі көрсеткіші – қаңтар айында екен. Себебі, бұл уақытта ешкім үйін сатпайды және алмайды. Себебі, жаңа жылдың басында халықтың жаңа үй алуы сирек кездеседі. Қыстың алғашқы айында баға да ең төменгі көрсеткіште тұрады. Бірақ, ақпан айында тұрғын үй саудасына «жан кіре бастайды», ал, наурызда белсенді жүреді. Сәуірде тұрғын үй саудасында бағаның өсуі мен түсу белсенділігі жоғарылайды.
Жаз бен күз мезгілдерінде тұрғын үй бағалары тұрақсыз өзгеріп отырады. Мәселен, мамыр, маусым айларында мүлік бағасы төмендесе, тамыз және қазанда үйлердің бағасы қымбаттап кетуі мүмкін. Күз мезгілінде жаңа оқу жылы басталады, жұрт демалыстан жұмысқа оралады. Бұл уақытта баға жоғарыламаса, еш төмендемейді.
Сонымен түйіндейтін болсақ, тұрғын үйді қаңтар және ақпан айларында сатып алған ыңғайлы. Баға да төмен болады және сауда аз жүріп жатқан уақытта өзіңіз қалаған үйді алуыңызға мүмкіндік бар. Ескеретін бір жайт, бұл мәлімет жылжымайтын мүлік пен мерзімді сатылымдарға ғана қатысты. Сондай-ақ, бұл сатылымдар бағасы жаңа тұрғын үй нарығында қолданылмайды.
Жаңа тұрғын үйлерді желтоқсанда сатып алған тиімді. Себебі, жыл соңында компания әзірлеушілері түрлі жеңілдіктер мен бонустарға құралған төмен бағадағы сапалы әрі жаңа үйлерді саудаға шығарады. Осы уақытта бір шаршы метр тұрғын үй алаңының бағасы сатып алушы үшін төмендетіліп, сапасына қарай қолжетімді бағада ұсынылады.

Әзірлеген Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар