Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балаңыздың жан дүниесіне тереңірек үңіліңіз - АРҚА АЖАРЫ

Балаңыздың жан дүниесіне тереңірек үңіліңіз

Облыстық қан орталығында жасөспірімдердің денсаулығы мен өмір сүру дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Жиында келтірілген мәліметтерге сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда биыл облысымызда суицид фактілері көбейіп отыр. Жыл басынан бері 31 жасөспірім суицидке барса, оның 13-і өліммен аяқталып, 18-ін өз-өзіне қол жұмсамақ болған жерлерінен аман алып қалған. Былтыр аймақта 11 жасөспірім осындай жолмен ажал құшқан екен. Әсіресе, Жақсы, Аршалы, Есіл, Астрахан аудандарында өз-өзіне қол жұмсау фактілері көбірек тіркелген. Бұланды ауданында былтыр 1 оқиға орын алса, үстіміздегі жылы – 3, Степногорск қаласында былтыр – 2, биыл жасөспірімдер арасында 5 суицид оқиғасының тіркелгені жаға ұстатарлық жағдай. Облыс бойынша суицидтен қайтыс болған 13 жасөспірімнің 5-еуі – қыз, 8-і – ер бала. Ал, осы іске барып, аман қалғандардың 15-і қыз бала және 2-еуі ұлдар. Степногорск қаласында бір жасөспірім биыл бір емес, екі мәрте суицид жасамақшы болған екен.
Осы орайда, «Мектеп жасындағы оқушылардың жасөспірім шақтарында ата-аналарының, жақындарының, достарының жанында шаттыққа кенеліп, алаңсыз өмір сүрудің орнына өмірден түңіліп, баз кешіп, өз-өзіне қол салуға не итермелейді?» деген сұрақ туындайды. Аталған кеселге көбінесе психиканың бұзылуы, ата-ана мен бала арасындағы кикілжің, психотроптық заттарды қабылдау себеп болатын көрінеді. Жиынға келген астаналық меймандар мен облысымыздың психолог мамандары да осыны айтты.
2012 жылы жүргізілген халықаралық зерттеулер нәтижесінде 5 пен 14 жас аралығындағы балалар арасындағы суицидтен әлем бойынша еліміз тоғызыншы орында тұрса, ал, 15 пен 29 жас аралығындағы жас-тар арасында төртінші орында болған. 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы суицидтен Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің ішінде бірінші орындамыз. Ал, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы суицид оқиғаларынан респуб-
лика бойынша өткен жылы Ақмола облысы көш бастап тұрды.
Суицидтің алдын алу үшін қазіргі таңда елімізде «Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол жұмсаудың привенциясы» атты бағдарлама әзірленіп, бүгінде жоба Қазақстанның төрт облысында қолданылуда. Ендігі кезекте осы жобаны енгізу мәселесі тұр. Дөңгелек үстел отырысы кезінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Психикалық денсаулықтың республикалық ғылыми-практикалық орталығы Астана қаласы бойынша филиалының басшысы Әлия Нұрғазина осы бағдарламаның мақсаты жөнінде кеңінен баяндап берді.
Астана қаласынан келген сарапшы, психология ғылымдарының PhD докторы, психотерапевт Гүлнұр Жексембаева суицид – бұл қоғам арасында кең таралып жатқан қатерлі вирус тәрізді екенін, онымен тек психологтар ғана емес, дәрігерлер де бірлесіп күресу қажеттігін ескертті.
–Баласының бойында қандай да бір өзгерісті байқаған ата-ана, ең бірінші психологқа емес, өзінің учаскелік дәрігеріне барады. Сол себепті, жалпы практика дәрігерлері, яғни, терапевтер алдына келген науқастардың ішкі жан дүниесіне дұрыстап үңілсе игі еді. Байқап отырсақ, қазіргі таңда көптеген ата-аналар ұл-қыздарын психологқа көрсетуге ұялады. Бұл – үлкен қателік, – деді психотерапевт.

Психологтардың, басқа да мамандардың бұлай деп, шыр-пыр болуының себебі бар. Өйткені, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде суицидке барғандардың басым көпшілігі өмірлерін қиярдан екі жұма немесе бір ай бұрын жүрегіндегі жан азабын, психологиялық тұрғыда шаршап жүргендерін айту үшін өздерінің учаскелік дәрігерлерінің қабылдауына барғаны анықталып отыр. Жиын соңында бұдан былай суицидтің алдын алу жөніндегі привенцияны орындау дәрігерлерге де міндет етілетіні айтылып, пікір алмасу өрбіді.

Венера Ысқақова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар