Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ұят, борыш, обал...» - АРҚА АЖАРЫ

«Ұят, борыш, обал…»

бабамыздан қалған бұл өсиет бүгінгі сот қызметкерлерінің де ұстанымы болса керек

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында сот жүйесін жетілдіру, әділ сот төрелігін жүзеге асырып, халықтың оған деген сенімін арттыру жайы жан-жақты айтылған. Құқықтық демократиялық қоғамда барлық даулы мәселелер сот арқылы шешімін табатынын ескерсек, сотқа жүктелер міндет жүгінің ауқымды екенін түйсінеміз. Міне, сондай ауыр да жауапты міндетті мойындарына алған судьялар өз жұмысын жақсы білетін білікті маман ғана емес, адамдармен адами қатынас жасай алатын бойына ізгілікті қасиеттерді орнықтырған әдепті, мәдениетті жан болуы да тиіс.

Осы орайда, 2016 жылдың 21 қарашасында Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы судьяларының кезектен тыс VII cъезінде қабылданған Судьялардың әдеп кодексінде судьялардың жұмыста да, жұмыстан тыс уақытта да өздерін қалай ұстап, айналасындағылармен қандай қарым-қатынаста болуы қажеттігі тұжырымдалған.
Жаңа редакциядағы Судьялық әдеп кодексі «Қазақстанның сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып дайындалған, оның судьялардың кәсіби қызметі мен тұрмыстағы жүріс-тұрысы үшін моральдық жауапкершілігін арттырудағы маңызы зор. Кодексте судья берген антына адал, кез-келген жағдайларда әдепсіз жүріс-тұрыстан аулақ болуға, кәсіби қызметін атқарған кезде ешкімнің ықпалына ермей, тек заңға ғана бағынуы тиіс екені нақты ережелермен бекітілген, сондай-ақ, беделіне нұқсан келтірмеу мақсатында судьяларға қоғамдық шаралар мен өзге де көпшілік орындарға баруға шектеулер қойылған.
Сонымен қатар, Әдеп кодексі судьяның қызметтік тәуелділіктегі адамдармен, сот өндірісінде қаралатын істер бойынша іске қатысушы тараптармен қаржылық міндеттемелерді туындататын азаматтық-құқықтық мәмілелер жасаудан аулақ болуды міндеттейді. Кодексте судья тек өзінің жеке басының ғана емес, сонымен қатар, өзінің отбасы мүшелерінің де беделі үшін жауапты екені нақты баппен бекітілген. Сот билігінің беделін түсіруге әкеп соқтыратын немесе судьяның абыройына нұқсан келтіретін әрекеттер жасаған судья заңға сәйкес тәртіптік жазаға тартылатыны кодексте нақты тұжырымдалған.
Адам тағдырын таразылайтын судьяларға жүктелер міндеттің ауырлығы өз алдына, қойылар талаптың да күшті болатыны осы Әдеп кодексінен анық аңғарылады. Яғни, судья тек қызметте ғана емес, үйде де, түзде де судья екендігін ешқашан есінен шығармауы тиіс. Бұл жөнінде қазақ халқының арасында ежелден келе жатқан «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген тұжырымы бүгінгінің биі саналатын судьялардың қандай болуы қажеттігін анық аңғартса керек. Заманында қазақтың данагөй билері халқының амандығы мен тыныштығы, елдің бүтіндігі үшін басын бәйгеге тіккен.
Әйгілі Әйтеке би: «Өмірім өзгенікі, өлім ғана өзімдікі» деген екен. Ал, ұлы Абай: «Би төрттің құлы – адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік» деп әділ бидің бетбейнесін нақты ашып көрсеткен. Кіші жүздің он екі ата Байұлынан таралатын Байбақты руының биі Бұлан тана Малайсары биден бата сұрай барғанда: «Шырағым, үш сөз бар, соны ұмытпай жүрсең, халқың соңыңнан қалмас, ұмытсаң, артыңа ермес. Ол үш сөз: «ұят, борыш, обал!» деген екен.
Малайсары бидің айтқан биге қажетті осы қасиеттері бүгінгінің судьяларының да бойында болуы тиіс екендігін судьялардың жаңа Әдеп кодексі нақты тұжырымдайды.
Халима КЕМБАЕВА,
Қорғалжын аудандық сотының төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар