Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағдарламалық жобалардың болашағы зор - АРҚА АЖАРЫ

Бағдарламалық жобалардың болашағы зор

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін облыста түрлі жобалар қолға алынып, жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Солардың ішінде құрылыс саласына қатысты биыл үш жоба жүзеге асты. Елбасының қазақстандықтардың алдына міндеттеп берген осындай бағдарламалық тапсырмаларының нәтижесінде құрылыс қарқынының күш алуы байқалады.

Марат ӘУБӘКІРОВ,
Ақмола облыстық құрылыс басқармасының басшысы

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарлама аясында облыста үш бағыт бойынша айқын жұмыстар еңсерілуде. Осы бағыттарды іске асырудың бір бөлігі құрылыс саласына қатысты және ол өңірде бой көтеріп жатқан өндірістік нысандармен ұштасуда.
Жалпы, бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері облыс-
та 2010-2017 жылдар аралығында құны 85 миллиард теңгені құрайтын 682 жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, құпталды. Ағымдағы жылдың тоғыз айында облыста жалпы құны 481 миллион теңгенің 16 жобасы бекітілсе, соның үшеуі құрылыс басқармасының тікелей қатысуымен жүзеге асырылуда.
2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржының есебінен алғашқы жобалардың бірі ретінде Ақкөл ауданының Кенесары ауылдық округіне қарасты Красный Горняк ауылындағы туристік базаны сумен қамсыздандыру және кәріз құбырларының сыртқы желілерінің жұмыстары, ЭБЖ құрылысы аяқталды. Бұл нысанның мердігері – Көкшетау қаласының «Рифей – 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған жұмысты 2016-2017 жылдар аралығында атқаруға тиіс болатын. Жобаның сметалық құны 34,996 миллион теңгені құрайды. Нысан ағымдағы жылдың 30 мамырында қабылдау актісі негізінде пайдалануға тапсырылды. Жұмыс нәтижесінде базаға тартылған электрмен жабдықтаудың кабельді желісі 273 метрді, су құбырлары 733 метрді, ал кәріз тораптары 33,9 метрді құрады.
Сонымен бірге, 2016 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен екі жоба жүзеге аса бастаған болатын. Оның бірі – Бұланды ауданында жылына тірі салмақта өнімділігі 60 мың тонна бройлерлерді өсіретін құс фабрикасының өндірістік-индустриалдық инженерлік инфрақұрылымын салу. Онда да сумен жабдықтаудың желілері мен оны тарту нысандарының құрылыстары жүзеге асырылды. Бұл жобаның сметалық құны
1 471,909 миллион теңгені құрайды. Мердігер ұйым – көкшетаулық «Көкшетаугидрогеология» акционерлік қоғамы. Олармен жасалған келісім-шарттың жалпы құны 1 178,538 миллион теңге. Мемлекеттік сараптама бойынша нысанның техникалық сипаттамасына тоқталсақ, сумен жабдықтау желілері 16,547 шақырымды құрайды, желілерді бөлу 3,3184 шақырым, ішкі алаңдағы желілер 1,6049 шақырымға жетеді. Аталмыш нысан бойынша 2016 жылы 125410,3 мың теңге, ал, ағымдағы жылдың 9 айында 676,0 миллион теңге игерілді.
Құрылыс жұмыстарының басталуынан бастап мердігер ұйым 807 миллион теңгені игеріпті. Бұл келісім-шартта көрсетілген қаржының 68,5 пайызын құрап отыр. Құрылыс басталғаннан бері 23,1 шақырым сумен жабдықтау желілері салынып, су тартатын жабдықтар орнатылған 11 станса салынды, 1000 кубты құрайтын 2 резервуар толығымен жұмысқа дайын. 200 кубтан 20 резервуардың жалпы дайындығы 70 пайызға жеткен. 7 су тарту стансасының аумағы толығымен қоршалған. Аталмыш нысан келесі жылы толықтай тапсырылады деп күтілуде.
Келесі жоба осы Бұланды ауданындағы аталмыш құс фабрикасының өндірістік-индустриалдық инженерлік инфрақұрылымын салу жобасымен сәйкеседі. Мұнда да су тарту желілері, оның құрылысы және болашақтағы тазарту жұмыстары қарастырылған. Әзірленген сметалық құжаттың құны –
1 468,942 миллион теңге. Оның мердігері –
астаналық «АКА Энерго Профи» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Олармен жасалған келісім-шарттың жалпы құны 1 202,681миллион теңгені құрап отыр. 2016 жылы аталған нысан бойынша 120,145 миллион теңге, ал, биылғы 9 айдың ішінде
74,2 миллион теңге игерілді.
Мердігерлік ұйымның келісім-шарттағы міндеттерді тиісті деңгейде орындамауының себебінен Ақмола облысының ауданаралық экономикалық сотына келісім-шартты бұзу туралы басқарма тарапынан талап-арыз жіберілді. Мәселен, жыл басынан бері нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстары өте бәсең жүргізіліп, негізгі жұмыс өндірісінің кестесінен біршама қалып қойған. Қазіргі уақытта соттың алғашқы отырысы өтіп, келесі отырысы жақын арада қаралатын болады.
Жыл басынан бері мұнда 5,424 шақырымға су бөлу желілері, бір қабатты әкімшілік-шаруашылық корпусы ғимаратының қабырғалары тұрғызылып, жарым-жартылай жабылды. Нысанды іске қосу 2018 жылға жоспарланып отыр.
Жалпы, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы біздің өңірде жақсы жүзеге асырылып жатыр деп айтуға негіз бар. 2015 жылы осы бағдарлама аясында Көкшетау қаласында құны 53,7 миллион теңгенің «Вектор» комбайн зауытының электрмен жабдықтау және телефон байланысының сыртқы желілерінің құрылыс жұмыстарын аяқтадық. Қазір зауыт іске қосылған, жұмыс істеп жатыр. Сол сияқты 2014 жылдың соңында 174,8 миллион теңге қаражат қарастырылған Еңбекшілдер ауданының орталығы Степняк қаласындағы құс фабрикасында да су құбырлары желілерінің сыртқы құрылысы тиісті негізде салынды. Осы бағдарлама негізінде Ерейментау ауданының Бозтал ауылында 500-ден астам асыл тұқымды ірі қараға арналған репродукторлы-шаруашылығына мал суаруға арналған су құбырлары салынып тапсырылды. Жоба құны 19,6 миллион теңге болатын, ол дер кезінде 2014 жылы іске қосылды.

Аталмыш бағдарлама негізінде Целиноград ауданында да Малиновка құс фаб-рикасында осындай жұмыстарды жүргізіп, 2015 жылы мемлекеттік қабылдау актісі негізінде аяқтап, тапсырдық. Алдағы 2020 жылға дейін облысқа ғана емес, елімізге шарапаты тиетін маңызды әрі сапалы жобалар жүзеге асырылып, ел игілігі үшін іске қосылады деген ойдамыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар