Қазақстан чемпионатында көкшетаулық каратистер 12 жүлдеге ие болды. Саңлақтармыздың қоржынына каратэнің киокушинкай-кан түрінен сегіз алтын, бір күміс, үш қола түсті.
Алматыда өткен чемпионатта ел аумағынан келген 300-ге тарта спортшы бақ сынасып, облысымыздың намысын 22 спортшы қорғады. Ката каратэ бойынша Игорь Васин, Асхат Ғалиев, Біржан Қайрат, Әлемгүл Сабырхан, Мадиярбек Ұзақбай, Әділ Қарабаевтардың мерейлері үстем болды. Ал, кумитэде Асхат Ғалиев, Нарғыз Ұзақбай, Әлемгүл Сабырхан, Динара Нұрғалиева мен Ерболат Қанапинге тең келетін қарсылас табылмады. Александр Белоусов болса, қола жүлдені қанағат тұтты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.