Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туризм дами түседі - АРҚА АЖАРЫ

Туризм дами түседі

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің туризм істері жөніндегі кеңесшісі Марат Иғалиев және облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырхановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтіп, онда өңірде туризмді дамыту бағытында қолға алынған шаралар мен алдағы міндеттерді жүзеге асыру сөз болды.

Марат Иғалиевтің айтуынша, облыс әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес өңірде туризмді дамыту бойынша шаралар мемлекеттік бағдарламалардан тыс облыс әкімдігі тарапынан да жүзеге асырылуда.
Қазіргі кезде Көкшетау қаласының әуежайы басшылығы тарапынан Ресейдің Омбы, Түмен, Екатеринбург, Челябі, Сүргіт қалаларына тікелей қатынайтын әуе рейстерін ашу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл өңірде туристік кластерді дамытуға оң ықпалын тигізеді деп жоспарланған.
– Өңірге туристерді көптеп тартуда «Four Seasons» жобасының тиімді болғанын көріп отырмыз. Осы жоба шеңберінде жазғы туристік маусымда яхташылардың «Бурабай-2017» халықаралық желкенді регаты ұйымдастырылды. Тамыз айында Олимпиада чемпионы, әйгілі велошабандоз Александр Винокуровтың қайырымдылық веложарысы өткізілді. Бұл шарадан 150 миллион теңге ақша жиналып, мүмкіндігі шектеулі балаларды емдеуге және медициналық құрал сатып алуға жұмсалды. Сонымен қатар, «Елікті парк» шаңғы базасында Ресей, Украина, Беларусь және Прибалтика елдерінен келген байкерлер мен рок музыканттардың фестивалі ұйымдастырылды.
Бурабай курорты үшін ең маңызды оқиға – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен гольф-клубының ашылуы. Бұл нысанның өңірге туристерді тартуға септігін тигізетіні сөзсіз. Жақында өткен «Octoberfest Burabay» фестивалі де туризм саласындағы бизнестің дамуына серпін беріп отыр. Алдағы уақытта «Қысқы ертегі», «Санта Клауста қонақта» тәрізді қысқы шаралар қарастырылған, – деді Марат Иғалиев.
Брифингте облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырхановтың да баяндамасы тыңдалды. Оның сөзінше, Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бо-йынша жол картасы әзірленіп отыр. Курортты аймақты дамытудың 2017-2020 жылдарға арналған жоспары 4 бөлім және 33 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде инфрақұрылымдық және экологиялық мәселелерді шешу бойынша 17, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту бойынша 5, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша 6, аймақтың туристік әлеуетін дамыту бойынша 5 шара көзделген.
– Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту шараларын іске асыруға 61,3 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру көзделген. Оның ішінде республикалық бюджеттен 58,2 миллиард теңге, жергілікті бюджет 3,1 миллиард теңге қарастырылған, – деді басқарма басшысы.
Бүгінгі күні Ақмола облысында туристік қызметті ұсынатындар негізінен шипажай-сауықтыру орындары, ұлттық парк және туристік фирмалар болып отыр. «Көкшетау», «Бурабай», «Бұйратау» және «Қорғалжын» қорығы ЮНЕСКО-ның табиғи мұралар тізіміне еніп отыр. Жалпы, өңірде туризмді дамытуға Щучинск-Бурабай курортты аймағының құрылуы зор серпін берді деуге болады. Солардың арасында Қазақстан Республикасы Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігінің тапсырмасымен қолға алынған бес жұлдызды «Burabay Lakes Resort Hotel» туристік қонақ үй кешені, «Оқжетпес» шипажайы, «Көкшетау» парк отелі және Қазақстан Лапландиясы тәрізді туристік нысандар бүгінгі күні еліміздегі демалу индустриясының көшбасшысы ретінде кеңінен танылып, өңір мақтанышына айналды. Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту бойынша бағдарлама қолға алынғалы бері жүздеген инфрақұрылым нысандары қалпына келтіріліп, мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылды. Осының арқасында аймаққа демалуға келетін туристердің де саны артып, жылына 1 миллион адамды құраған.
Қазіргі уақытта өңірде қысқы, жазғы және экологиялық туризмді дамыту үшін автокөлік жолдарына жөндеу мен жаңарту жұмыстары жүргізілуде, инженерлік коммуникациялар жаңартылып, экологиялық проблемалар шешімін табуда.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар