Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ілгерілеп, даму қадамдары - АРҚА АЖАРЫ

Ілгерілеп, даму қадамдары

Егіндікөл ауданының әкімі Нариман Төлепов өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен брифинг өткізіп, биыл ауыл шаруашылығы саласының дами түскендігін атап көрсетті.

Аудан басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысының ел халқына арнаған «Қазақ-станның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы алдағы жұмыстар үшін бағыт-бағдар болғанын атап өтті.
– Үшінші жаңғырудың шешуші басымдықтарының бірі экономиканы жедел технологиялық жаңарту болып табылады. Бұл цифрлық технология базасында тиімді жаңа салалар құру деген сөз. Бұл шаралардың барлығы мемлекетті жаһандық бәсекелестік пен қазіргі заманғы талаптар жағдайында одан әрі дамытуға бағытталғанын атап өткен жөн,– деген аудан әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Аудан экономикасы құрылымының 95,6 пайызын ауыл шаруашылығы, жалпы өнім көлемінің 4,4 пайызын өнеркәсіп саласы құрайды. Биылғы жылдың 9 айында жалпы өнім көлемі 10,7 миллиард теңгені құрады. Өңірде 253 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жұмыс істейді. Биыл 323,9 мың гектардың 285 мың тонна астығы шашпай-төкпей жинап алынды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты гектарынан орташа есеппен 9 центнерден өнім алынды. Қамбаларға 36 мың тонна тұқым құйылды. Оның 390 тоннасы сатып алынған элиталық тұқым.
Ауданда «Бауман-07», «Аскоп» және «Армавирский» серіктестіктері ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері болып табылады. Олардың үлесіне егіншіліктің 33,4 пайызы, мал шаруашылығы өнімдерінің 21,2 пайызы тиесілі. Жыл өткен сайын шаруашылықтардың материалдық-техникалық базасы нығаюда. Биыл 137 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Егіншілікпен қатар мал шаруашылығы да дамуда. Бұл саламен 26 шаруашылық айналысады. Өңірде 8,5 мың бас ірі қара, 2,6 мың бас жылқы, 8,2 мың қой бағылады. Бұл мал басының 64 пайызы жергілікті тұрғындарға тиесілі. Биылғы жылы қысқа қажетті 20,5 мың тонна шөп дайындалды. Мал шаруашылығын дамытудың басымдық ет бағытындағы ірі қара санын көбейтуге берілген. 2011 жылдан бері «Сыбаға», «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламалары бойынша 411 бас ірі қара, 24 жылқы және 56 қой сатып алынды. Тұқымды асылдандырумен 25 шаруашылық айналысады. «Бауман-07» серіктестігінде 1096 бас қазақтық ақ бас ірі қарасы, «Армавирский» серіктестігінде 690 бас ангус тұқымдас ірі қара мал бағылады. Аудан әкімі өз сөзінде өңірде «2017-2021 жылдары өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
–Бағдарламаның бірінші бағыты бо-йынша 106 адам оқуға жіберілді. Сондай-ақ, «Егіндікөл-Қаржы» несиелік серіктестігі арқылы үш адам несие алды. Үшінші бағыт бойынша 14 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 43 адам қоғамдық жұмысқа, 6 адам жастар тәжірибесіне жіберілді. 17 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту орталығына 362 адам келген. Оның 87-і жұмыссыз ретінде тіркелді. 291 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді. 253 адам жұмысқа орналастырылды,–деген аудан басшысы білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қол жеткізген жетістіктер мен кейбір мәселелер жөнінде айтып берді. Брифинг соңында журналистердің қойған сауалдарына тұшымды жауап берді.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар