Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай баурайындағы ертегі әлемі - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай баурайындағы ертегі әлемі

«Қазақстан Лапландиясы» деп аталатын қысқы маусымға арналған ертегілік мұз қалашығының ашылу салтанаты болып өтті.

Бұл шараны «Бурабай Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырып отыр. Негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыру әрі Щучинск-Бурабай курортты аймағына туристердің назарын аудару.
Мұз қалашығы әлденеше түрлі бояулармен боялып, өзгеше өңді кейіпке енген. Қай тұсқа қарасаң да, көңіліңді баурайтын, құпия сыр бөккен тылсым күш өзіне толайым тартып тұрғандай. Жаңа маусымға жап-жақсы дайындық жасалғандығы көрініп тұр. Әне бір жерде Санта Клаустың резиденциясы жаңартылыпты. Бұрынғыдан да әдемі әрі әрлі. Босағасынан аттағаннан бастап бағзы балалығың қайта оралып, есіңді еліктіретін ертегі әлеміне қалай сүңгіп кеткеніңді де білмей қаласың.
Жалғыз сыртқы көрік-кейпі ғана емес, қызғылықты бағдарламалары да баршылық. Өзгесін былай қойғанда, ит пен бұғы жеккен солтүстік сілемдеріне де барып қайтуға болады.
Португалиядан келген турист Джоана әдемі әсерден арыла алар емес. Бурабайдың баурайындағы бедері өзгеше ертегі әлемін аузының суы құрып мақтайды. Қиырдағы Америка мен Австралиядан келген меймандар да мәз-мейрам.
–Үстіміздегі жылы біз балаларға арналған көптеген шаралар ұйымдастырдық. Олардың жүздерінен бақытты шырай көргіміз келеді. Балалардың күміс күлкісінің сыңғырынан артық жаныңды жадыратар не бар? Бұл жерде жалғыз балалар ғана емес, ересектердің де демалуына біршама қолайлы жағдай туғызылып отыр,–дейді серіктестіктің бас директоры Ғалымжан Әбдіхалықов.
Ертегі маусымы келер жылдың наурыз айының 22-іне дейін жұмыс істеп, әдемі әлем келемін деушілерге құшағын айқара ашпақ.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар