Облыс орталығында «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі құрылды.
Көкшетаудағы Достық үйінде өткен осы бірлестіктің салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған ұлттық-мәдени орталық төрағасы Умар Шоназаровтың айтуынша, ұйым халықтар достығын, ұлтаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мақсатында құрылған. Ашылғанына аз уақыт болса да, орталық облысымыздағы бірқатар ауылдардың командалары арасында футболдан жарыс ұйымдастырып үлгерді. Болашақта олар ұйым жанынан жастар қанатын құруды жоспарлап отыр. Қайырымдылық шараларын өткізу, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуді көздейтін кездесулер де келешектің еншісінде. Бір сөзбен айтқанда, «Санги-Кабуд» тәжік ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі елімізде ынтымақ-бірлікті нығайтуға атсалыссақ дейді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.