Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер байлығы – ел байлығы - АРҚА АЖАРЫ

Жер байлығы – ел байлығы

оған сұғанақтық жасауға болмайды

Пайдалы қазбалар қойнауларының жаппай өріс алған өзекті мәселелері жөнінде көрікті Бурабай баурайында кеңес болып, осы салада атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Облыстық басқармалар мен ведомстволар басшылары, жер қойнауын пайдаланушылар қатысқан мәжілісті облыстық кәсіпкерлер мен өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Жақсылықов жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндама жасады. Басқарма басшысы өз сөзінде облыста 158 жер қойнауын пайдаланушылар жұмыс істейтінін, жаппай өріс алған пайдалы қазбалардың кен орнын игеруге 181 келісім-шарт жасалғанын айтып өтті. Бұл кен орындарының ең көп үлесі Целиноград, Аршалы, Зеренді, Шортанды, Ерейментау аудандарына тиесілі. 181 келісім-шарттың 124-і конкурстық негізде, алтауы кәсіпкерлікті қолдау картасы субъектілерімен, 58-і «Есіл» ұлттық компаниясымен тікелей келіссөз арқылы жүзеге асырылған. 2012-2014 жылдары жер қойнауын пайдалану құқын беруге конкурс өткізілмеген. Соңғы конкурс биылғы жылы өткізіліп, 28 жеңімпаз анықталған.
–Үстіміздегі жылдың 9 айында көптеген жер қойнауын пайдаланушылар өнім өндірудің жоспарлық көлемін орындамаған. Соның салдарынан бұл көлем облыс бо-
йынша орындалмауда. Мәселен, құрылыс тасы, құм, балшық, доломит, кварцит, кварцтық құм, әк аз өндірілді,–деді Ербол Жақсылықов. Жер кодексіне сәйкес, тиісті құқық беретін құжаттар беруге дейін жер телімін пайдалануға болмайды. Бұл норманы сақтамай жер телімін басып алғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді.
Бүгінгі таңда 43 жер телімінің құжаттары толтырылмаған. Оның көп үлесі Целиноград пен Аршалы аудандарына тиесілі. Осы орайда, аталмыш аудандар әкімдерінің орынбасарлары Берікжан Әбутәліпов пен Әділбек Ыбыраев сөз сөйлеп, жер қойнауын пайдалану үшін жер телімдерін беру жұмысы және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде айтып берді.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментіндегі камеральдық бақылау басқармасының бөлім басшысы Ерлан Қапаровтың айтуынша, биылғы жылдың 9 айында жер қойнауын пайдаланушылардан 250,5 миллион теңге мөлшерінде салық түскен. Бұл жоспарланған салықтың 46 пайызын құрайды. Сөйтіп, Аршалы ауданындағы жер қойнауын пайдаланушылардан 119,1 миллион теңге салық түспеген. Мұндай сома Шортанды ауданында 43,3 миллион теңге, Целиноград ауданында 47,1 миллион теңгені құрайды. Аршалы, Целиноград, Зеренді аудандарында жұмыс істейтін 28 жер қойнауын пайдаланушының Астана, Қарағанды, Алматы және Рудный қалаларына тіркелуі салдарынан облыс бюджетіне 115 миллион теңге түспеді. Биылғы жылдың есептік кезеңінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарттағы міндеттемесі аясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға 35,9 миллион теңге қаржы аударылды. Бұл жоспарланған қаржының 29 пайызы. «Қазшпал» акционерлік қоғамы, «Түрген тас карьері-2012», «Көкшетау граниттері», «Аршалы-Неруд» серіктестіктері өз міндеттемелерін орындамаған. Облыстық жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының басшысы Асқар Сәдуақасов өз сөзінде жер қойнауын пайдаланушылар экологиялық заңнама нормаларын бұзатынын, 15 келісім-шарт бойынша қоршаған ортаның эмиссиясына рұқсаттың жоқтығын айтып өтті. Облыстық экология департаменті қоршаған ортаны ластауға жол бермеу үшін жер қойнауын пайдаланушыларға тиісті шаралар қолдануы қажет.
Инерттік материалдарды тиеу кезіндегі заң бұзушылықтар жөнінде облыстық көлік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Жасұлан Маралбаев айтып берді. Ашық кеніштерде таразы жоқ. Осының салдарынан автокөлікке жүк артық артылып, республикалық маңызы бар жолдардың жағдайына кері әсерін тигізеді. Барлық жерде тауарлы-транспорттық жүк құжаты берілмейді.
Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңына сәйкес, келісім-шарт міндеттемесі бойынша жер қойнауын пайдаланушы екі заң бұзушылықты қалпына келтірмесе, келісім-шарт күші тез арада тоқтатылады. Жер қойнауын пайдаланушылар жұмысына космостық мониторинг жүргізу мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы геопортал жасап, жер қойнауын пайдаланушылардың келісім-шарт аумағынан шығып кеткенін анықтайтын болды. Жер қойнауында заңсыз жұмыс жүргізгендерге қылмыстық іс қозғалады. Мәжіліс соңында басқарма басшылары қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.

Рамазан Тілеуов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар