Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әр жарысқа қанаттанып аттанамыз - АРҚА АЖАРЫ

Әр жарысқа қанаттанып аттанамыз

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлем елдері арасындағы беделі мен абыройын одан әрі көтере түсу мақсатында мәдениет пен спорт саласына да көп көңіл бөліп келеді. Тәуелсіздіктің 26 жылында Қазақстанның спортшылары әлемнің дүбірлі додаларынан бастап, Олимпиада ойындарында да лайықты өнер көрсетіп, спорттың қай түрінен болсын небір биіктерді бағындыруда. Мемлекет басшысының жеті құрлықтың сайыпқырандары бақ сынайтын Олимпиада жеңімпаздарына, әлем чемпиондарына қолдау көрсетуі біз секілді жастардың ерік-жігерін қайрай түседі. Жеңіске деген ұмтылысымызды қанаттандырып, ұштайды.
Бүгінде егемен Қазақстан әлем елдерінде өтіп жатқан дүбірлі додаларға өз тарландарын қосып, спорт саласында да шоқтығы биік мықтылар мен марқасқаларды да-
йындап жүрген алып мемлекет ретінде танылды деуге толық негіз бар. Себебі, біздің елімізде спорттың қай түрі болмасын, спорт майталмандары жетерлік. Спортқа көңіл бөлудің нәтижесінде жастар мен жасөспірімдер арасында да оған деген талпыныс, ұмтылыс артып келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана елімізде суда жүзу спортына аса қызығушылық болмаған еді, қазір жастар оған көптеп тартылуда. Өйткені, Рио-де-Жанейрода арамыздан топ жарып, жүзуден тұңғыш Олимпиада чемпионы Д.Баландин шықты. Сол секілді шаңғы спортына да сұраныс жоғары.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізді әлемге таныта түсу мақсатында, спортшыларымыздың беделін асқақтату орайында 2011 жылы тұңғыш рет Астана мен алматы қалаларында VІІ қысқы азиада ойындарын өткізуді қолға алды. Қазақстан сөйтіп, Азия құрлығы өміріндегі спорт саласының қайнаған орталығына айналды. Бұл Азиада ойындарының өткізілуі ең алдымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды. Сол кездегі әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан, дара тұлға – кемеңгер Елбасының тапсырмасы бойынша осы ойындар үшін еліміздің негізгі екі қаласында спорттық кешендер бой көтерді. Олар қазір елдің спорт инфрақұрылымының маңызды элементтері. Әлемнің 27 елінен мыңнан астам спортшы қатысқан Азиадада біздің спортшылар жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, отыздан астам алтын медальді иеленіп, рекордтық көрсеткішпен жерлестерін қуантқаны әлі есімізде. VII Қысқы Азиада ойындары елде спорт шараларының ұйымдастырылуының жоғары деңгейде өткенінің, Қазақстанның қонақжай ел, бейбітшілік пен келісім мекені және азиялық және әлемдік спортта жетекші орталықтардың бірі ретінде халықаралық аренадағы беделінің арта түскенінің тағы бір дәлелі болды.
Осындай спорт майталмандарының соңынан ерген мен де биыл Жапонияның Саппора қаласында өткен Азиада ойындарында аралас эстафетадан екінші орынды, спринт жарысынан жүлделі үшінші орындарды иелендім.
Тәуелсіз елдің қыраны ретінде спортқа деген сүйіспеншілігім, құштарлығым әкем – спортшы Сергей Райковпен бірге жаттығуға барған кезден оянды. Қазір ол менің жаттықтырушым. Қазақстанның биатлоннан құрама командасының құрамындамын. Азиадаға барған кезде өзге мемлекеттердің біздің спортшылардың абырой-беделіне тәнті екендіктерін, 2011 жылы Қазақстандағы Азиаданы телеэкраннан көргендіктерін тамсанып айтқандарында мен Қазақстанның атынан келгеніме шын қуандым. Елбасының спортшыларға жасап жатқан қолдау-көмектеріне олар жіті қанық екен.
Менің бір арманым болатын. Ол 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Ақ Олимпиадаға қатысу еді. Ол арманым орындалды. Әрине, оған менің ең алғашқы жаттықтырушым А.Морозовадан бастап, қазіргі жаттықтырушым – әкем С.Райковтың, сосын бізге осындай үлкен мүмкіндік берген Елбасының қолдау көмегінің арқасында қол жеткіздім. Осы Олимпиадада мен ел намысын қолдан бермеу үшін барымды салдым деп ойлаймын. Әлі де биіктерді бағындыруға ұмытыламын.
Алина РАЙКОВА,
Қазақстанның биатлон құрама
командасының мүшесі,
халықаралық дәрежедегі спорт шебері,
Азиада ойындарының жүлдегері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар