Қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудың басты алғышарты азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады. Осыған байланысты азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен қадағалау қызметінің материалдары негізінде «Прокурордың 100 кеңесі» атты анықтамалық әзірленген еді.
Бұл құралға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында, таралымдар кітап түрінде ғана жасалмай, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнайы http://prokuror.gov.kz/rus/advice сайтына, 115.kz порталында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланды. Газетіміздің оқырмандарының назарына кәсіпкерлік нысандарды құзырлы органдар тарапынан болатын тексерістердің қандай тәртіпте, ережеге сай жүргізілетіні, кәсіпкерлердің құқықтары жайында облыстық прокуратураның ресми өкілі Ақбұлан Әлжановтың жоғарыда аталған «Прокурордың 100 кеңесі» анықтамасы бойынша әзірленген мақаласын ұсынып отырмыз.
Өз бизнесіңізді қалай қорғау керек?
Өз бизнесіңді ықтимал тергеп-тексеру мен соттық талап-арыздардан қорғаңыз. Болмысы күдік тудыратын адамдармен байланыс орнатудан аулақ болыңыз (болмыс туралы мəліметтерді Интернет-ресурстардан табуға болады) жəне күмəнді кəсіпорындармен мəмілелерге қатыспаңыз.
Қолма-қол ақшаңыз бен кірістеріңізді қадағалап отырыңыз. Кəсіпорын қызметіне тəуелсіз аудит жүргізіңіз. Бұл кемшіліктерді айналып өтуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың тексерістерінен қорғайды.
Білікті адвокатпен жəне қаржы кеңесшісімен ынтымақтастықта жұмыс істеңіз. Шағын бизнеске көптеген салықтық жеңілдетулер қарастырылған. Сіз солардың барлығын білетініңізге жəне қолданатыныңызға көз жеткізіңіз.
Мемлекеттік органдармен жəне заңды тұлғалармен барлық хат алмасу ресми түрде жүргізілуі тиіс (яғни, хаттардың шығыс нөмірлері мен күндері болуы тиіс, бұл ретте сіздің хатыңызды мемлекеттік орган мен заңды тұлғаның алғанын растайтын құжаттардың бар болғаны жөн). Контрагенттермен болған барлық уағдаластықтарды құжатпен бекітіңіз, оны міндетті түрде заңдық тұрғыда тексеріңіз.
Мемлекеттік органдар алдағы болатын тексеріс туралы хабарлауға тиіс пе?
Əрине, ерекше тəртіп бойынша тексерістің басталатыны туралы жəне ішінара тексеріс туралы 30 күнтізбелік күн бұрын жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Жоспардан тыс тексеріс кезінде тексеріс басталғанға дейін бір тəулік бұрын хабарлануы тиіс.
Бұл ережеден тыс өткізілетін тексерістерге Кəсіпкерлік кодекстің 144-бабы 3-тармағының 2, 7, 9, 10 тармақшаларына жəне 6, 7 тармақтарына сəйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерістер жатады.
Егер сізге тексеріс келсе…
Тексерістер тағайындау жəне жүргізу мəселелері Кəсіпкерлік кодекстің 2-параграфында регламенттелген.
Тексерістер мынадай түрлерге бөлінеді:
– тəуекел дəрежесін бағалау негізінде ерекше тəртіп бойынша жүргізілетін тексеріс (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу жəне оны жою мақсатында бақылау жəне қадағалау органы тəуекел дəрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындалатын тексеру);
-ішінара (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу жəне оны жою мақсатында бақылау жəне қадағалау органы есептілікті, бақылаудың өзге нысандарының нəтижелерін талдау нəтижелері бойынша тəуекел дəрежесін бағалау негізінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындалатын тексеріс);
– жоспардан тыс (адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке жəне заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнетін тікелей қатердің алдын алу жəне оны жою мақсатында бақылау жəне қадағалау органы тексеру тағайындауға негіз болған нақты тексерілетін субъектіге қатысты, тексеру тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мəн-жайлар бойынша нақты тексерілетін субъектіге қатысты тағайындалатын тексеріс (жоспардан тыс тексеріс негіздемелерінің тізбесі Кəсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағында көзделген).
Көлемі бойынша тексерістер кешенді жəне тақырыптық болып бөлінеді.
Тексеріс қанша уақытқа созылады?
Тексеріс 30 жұмыс күнінен артық созылмауы тиіс (салық тексерісін қоспағанда, оның мерзімі Салық кодексінің 629-бабында регламенттелген).
Арнайы зерттеулер, сынамалар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ, тексеріс көлемінің айтарлықтай болуына байланысты, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген салық тексерісін жүргізу кезіндегі жекелеген жағдайларды жəне жоғарыда аталған бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеріс өткізу мерзімін тек бір рет қана бақылау жəне қадағалау органының басшысы отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.
Қаперіңізде ұстаңыз:
1. Тексеруші мыналарды көрсетуі тиіс:
-Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің сіздің облыстағы (қаладағы) басқармасында тіркеу туралы мөртабан басылған тексеріс тағайындау туралы актісін;
– қызметтік куəлігін;
– тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып тексеру парағын.
2. Сіз тексерістің заңдылығын http://service.pravstat.kz/ мекен-жайы бо-
йынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі комитеті ақпараттық сервисінің «Сіздің бизнесіңізді тексерудің заңдылығы» бөліміне жүгіну арқылы тексере аласыз.
3. Тексеріс тағайындау туралы актіде көрсетілмеген тексеруші тұлғалар тексеріс жүргізуге құқылы емес.
4. Тексеріс тағайындау туралы акті тапсырылған күн тексеріс жүргізудің басталуы болып есептеледі.
Ақбұлан ӘЛЖАНОВ,
Ақмола облыстық прокуратурасының
ресми өкілі.