Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлы дала мирасы - АРҚА АЖАРЫ

Ұлы дала мирасы

Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,
Үннің тәтті оралған мәні оятар.
Кейі зауық, кейі мұң, дертін қозғап,
Жас балаша жүректі жақсы уатар.
Әннің де естісі бар, есері бар,
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар,
– деген ұлы Абайдың ұлағаты тұшына оқып түйсінгенге бір ғажайып дүние емес пе?.. Ұлттың санасын, оның ұлттық құндылықтарын тарата айтқанда, тілін, ділін, дінін жаңғырту барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы дер кезінде жарияланған дүние болды десем, артық айтқандық емес. Бұл біздің еліміздің алдағы уақыттағы болашаққа деген бағдары. Ықылым заманнан бері қалыптасқан, мазмұны байытылған құндылықтарымыз әр заманның рухани дүниесін тазартатын таза бұлақ іспетті. Сол бұлақтың бүгінгі күні арнасы кеңейтіліп, ағысы байытылып жатыр. Таза бұлақ дегенім, қоғамда бағаланатын құндылықтарға, идеалдарға, мәдениет деңгейіне, әлеуметтік құрылым мен адамның өмір сүрген ортасына назар аударып, әкімшілік, идеологиялық және экономикалық шараларды ұйымдастырып, біртұтас ұлы ұлттың қамын ойлау.
Байыптап қарасаңыз, арыдағы ақылы кенен ата-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жеткізгісіз мол мұраларының бірі адам тәрбиесіне айрықша ықпал ететін әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі. Әлденеше ғасыр бойы жалғасып келе жатқан асыл мұра уақыт табымен көмескіленгені де рас. Бүгінгі күні біз сол қымбат жауһарларды ғасырлар тозаңынан аршып алып кейінгі ұрпақтың кәдесіне жаратуымыз керек. Сонда ғана ұлттың ұлағатты рухани дүниесінің сабақтастығы селкеу тартпайды.
Діл дегеніміздің өзі адамдардың белгілі бір қоғамдастығына тән, нақтылы мәдени-тарихи ортада қалыптасатын мінез-құлықтардың және іс-әрекеттердің біртектес сипатын білдіретін ұғым. Адам баласы өзінің тұрмысына сәйкес құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Осыған орай, ең алдымен этностық сананың тұрақтылығын, дүниетанымның әртарапты болуын ескере білгеніңіз жөн. Әр халықтың өзіне тән ділі болады. Сонымен қоса, бүкіл батысқа немесе шығысқа тән ортақ діл де қалыптасады. Асылында діл қоғамның даму сипатын анықтайтын факторлардың бірі.
Мемлекеттік емес ұйымды басқарып отырып, Елбасының үндеуін, үкіметтің саяси шешімдерін қалың бұқараға жеткізу барысында бұқаралық ақпарат құралдарында «Ұлы дала мирасы» деп аталатын мақалалар циклын ашуды ұйғарып отырмын. Ондағы ой ізгілік пен парасатқа толы бағалы бастамаларды жеріне жеткізе насихаттау және қоғамды игілікті істерге жұмылдыру болып табылады.
Алтынбек БАЯНДИН,
«Uly Dala Global» қоғамдық қорының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар