Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыс: қауіп-қатер қайдан деме!.. - АРҚА АЖАРЫ

Қыс: қауіп-қатер қайдан деме!..

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бөлім басшысы Олег Малюк пен бас маманы Думан Дәлешов журналистермен брифинг өткізіп, осы қызметтің қыс айларындағы болмай қоймайтын төтенше жағдайларға дайындығы және оқыс оқиғаларға жол бермеу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап берді.

Бөлім басшысы өз сөзінде өңір аумағында қыс маусымының басталуына және ауа райының өзгеруіне байланысты төтенше жағдайлар туындау қаупі артатынын айтты. Бұл автокөліктің қозғалысы мен коммуналдық қызметі қиындай түсіп, тұрмыстық маңызы бар нысандардың жұмысына кері әсерін тигізеді. Жол-көлік оқиғасы көбейеді. Қалың қарда автокөліктер қозғала алмайды. Қыс айларында облыс аумағындағы автокөлік жолдарында ауа райының жағдайына байланысты төтенше жағдайлар көбейеді. Өңірдің автокөлік жолдарында тайғақ қаупі
туындайтын 257 учаске анықталған.
Қыс айларында республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын күтіп ұстайтын 182 техника бар. Көк тайғақта пайдаланылатын 13761 тонна құм, тұз және қиыршық тас тәрізді материалдар қоры дайындалды. Қашықтығы 18160 пагон метр қар ұстайтын жабдықтар әзірленді. 443 уақытша жол белгісі жасалды. Қыс маусымында облыстық маңызы бар автокөлік жолдарын күтіп ұстау үшін он мердігер кәсіпорынмен 12 келісім-шарт жасалды. Олар автокөлік қозғалысын үзіліссіз қамтамасыз ету үшін 110 қар тазалайтын және инженерлік техника дайындады. Қысқы мезгілде тұрғындар үшін ең маңызды мәселелердің бірі – төтенше жағдай мен ауа райы жөнінде уақытында хабарлап отыру. Осы орайда, «Казгидромет» мемлекеттік кәсіпорнымен бірге жұмыстар атқарылады. Болжам негізінде күннің суытуы жөніндегі хабарды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісі СМС, телеарна мен радио арқылы таратады. 2016 жылдың қарашасынан 2017 жылдың ақпанына дейін ұялы байланыстың абоненттеріне 20 дауылды ескерту және жолдың жабық екені жөнінде 157 мәлімет жіберілген. Департаменттегі кезекші диспетчердің телефонына азаматтар 39 мыңнан астам телефон шалып, көмек сұраған. Төтенше жағдайлар департаментімен жолдағы жағдай жөнінде жедел ақпарат жинау тетігі қарастырылған. Ауа райының жағдайы қиындаған кезде департаменттің орталығындағы жедел топ мониторинг жүргізіп, тәулік бойы жұмыс істейді. Қыс алдында тұрғындармен қайғылы оқиғалардың алдын алу жұмысы атқарылып, 12 мыңнан астам үгіт-насихат материалдары таратылды. Бұған Төтенше жағдайлар комитеті мен департаментінің ведомстволық ақпараттық ресурс сайты, «Өрт сөндіруші және құтқарушы» журналы да пайдаланылады.
Қыс мезгілінде су айдынындағы қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде балықшылармен және оқушылармен әңгімелер жүргізілуде. Мұз қатқан кезде өңірдің су нысандарында адам өлімі мен техниканың түсіп кетуін болдырмау бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. Туындаған мәселелерді жедел шешу үшін автокөлік жолдарының қауіпті учаскелерінде 1024 адамы мен 89 техникасы бар топ құрылған. Департаменттің өртке қарсы бөлімшелерінде жол талғамайтын 59 техника бар. Өңірдің автокөлік жолдарында ауа райы жағдайының қиындығына тап болған адамдарды уақытша орналастыру үшін 137 жылыну бекеті орналасқан. Олар телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, жылжымалы жылыну бекеті ретінде облыстық төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің 4 автокөлігі мен екі жылжымалы үйі пайдаланылады. Думан Дәлешов өз сөзінде өрттің алдын алу жұмыстары да жүргізілетінін, жылу беру маусымы басталғаннан бері 63 өрт оқиғасы болғанын атап өтті.
–Үш адам от құшағына оранды. Өрттің көбі пештің дұрыс пайдаланбауынан, электр сымдарының тұйықталуынан туындайды. Облыс орталығының іргесіндегі Краснояр селосында сегіз жасар қыз өз бауырларын өрттен аман алып шықты. Бұл өртке қарсы қызметтің мектептерде жүргізген жұмысын айғақтай түседі. Өжет оқушыны марапаттауға ұсындық. Облыста пештен иіс тию оқиғалары да орын алуда. Электр сымдарының тұйықталуы салдарынан 16 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттің болғанын айтудан гөрі оның алдын алған жөн,–деді ол. Брифинг соңында департамент өкілдері қойылған сауалдарға жауап берді.

Раммазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар