Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мұхаметсәлім Кәшімовтің есімі ұмытылмауға тиісті - АРҚА АЖАРЫ

Мұхаметсәлім Кәшімовтің есімі ұмытылмауға тиісті

Бүгінде игілігін көріп отырған тәуелсіздік өздігінен келмегендігін, ғасырларға созылған ұлт азаттық қозғалыстары мен қазақтың озық ойлы ағартушыларының еңбектерінің нәтижелі жемісі екендігін де жас ұрпаққа ұқтыру парыз. Екі ғасырға жуық орыс патшасының бодандығында, онан кейін жетпіс жылдай кеңестік тоталитарлық жүйенің құрсауында болған кезде қазақтың озық ойлы тұлғалары ұлтты азат ету, тәуелсіз ел болуды армандап, сол үшін күресті.

Міне, сол ұлт азаттық қозғалыстарының басында Алаш қайраткерлері тұратынын теріске шығара алмаймыз. Биыл ел көлемінде Алаш қозғалысының жүз жылдығы аталып өтті. Осындай шаралар біздің облысымызда да ұйымдастырылды. Облыс орталығында бірқатар көшелерге Алаш арыстарының есімдерінің берілуі оларға көрсетілген лайықты құрмет деп білеміз. Осы орайда Көкше жерінен шыққан, кезінде Ақмола облысы Көкшетау уезінің Алаш партиясының төрағасы болған ағартушы, журналист, қаламгер Мұхаметсәлім Кәшімовтің өткен ғасырда көтерген мәселелері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген ұлттық сананы жаңғырту жайымен үндесіп тұрғаны тектен-тек болмаса керек.
Мұхаметсәлім Әбдірахманұлы Кәшімов 1884 жылы Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданында туған, өңірімізден шыққан алғашқы публицистердің бірі. Ол жас кезінде ауыл молдасынан оқып хат таныған. Әкесіне еріп Меккеге қажылыққа барып, «Бала қажы» атанған. Ол – бірнеше тәлім-тәрбиелік еңбектердің авторы. «Әдеп» (1907 жыл), «Сабақ» (1907 жыл), «Насихат қазақия» (1908 жыл), «Ақыл кітабы» (1908 жыл) сияқты еңбектерінде қазақ балаларына оқу-білім, тәлім-тәрбие, тазалық, мәдениет мәселелері төңірегінде ақыл-кеңес, өнегелі тағылымдар ұсынады.
Ол шәкірт тәрбиесін ұлттық салт-дәстүрге негіздей жүргізуді, мұны имандылық пен адамгершіліктің сан алуан көріністерімен ұштастырып отыруды уағыздайды. Кәшімовтің «Сұлу қыз» өлеңдер жинағы, «Мұңлы Мәриям» романы жарық көрген. 1911-14 жылдары «Айқап» журналында қызмет істей жүріп, ел ішінде мектеп-медреселердің жай-күйі, олардағы оқу-тәрбие істерінің барысы жайында ой қозғаса, Жетісу, қырғыз, қытай қазақтарын аралаған кезінде этнографиялық очерктер жазған. Онда елдің тұрмыс-салты, әдет-ғұрпымен бірге оқу-ағарту мәселелерін де сөз етіп, тәлімдік ой пікірлерін ортаға салады.
Мұхаметсәлім Кәшімов «Насихат қазақияда» атты еңбегінде: «Заман күнбе-күн алға баруды тілегендіктен, қазақтарға үлкен-үлкен адымдар аттау керек екенін күн туған сәріде жарық күн түсіре бастады. Олардың өз жазуларын білуі тиіс болғандығы секілді орыс тілдерін жазуларын білу керек екендігі дәлелсіз біліне бастады. «Заманына қарай күлкісі, тауына қарай түлкісі» деген, енді бұлайша болғанда, біздер де заманына қарай амал қылайық. Бұл амал неден болады? Бұл болса керек: замананың халін білу үшін оқу оқып, орысша, білумен болса керек. Оның үшін орыс ұлдарымен қоралас болдық. Соған қарағанда тілін, оқуын білмесек, кім болармыз?», – деп көрсетті. Мұхаметсәлім Кәшімов бұдан әрі көшпелі өмір салтындағы еңбексіз, жатып ішер жалқаулықты аяусыз сынай отырып, адамның адам болмағы тек біліммен, жігітке қылжақтап бос жүру өнер емес деген аса мәнді ой түйеді. Надандық құрсауында қалып қойған, қалың ұйқыда жатқан елін ояту үшін М.Кәшімов ел-жұртты әлгіндей алдыңғы қатарлы оқу-өнерді игеруге шақырумен қатар, белгілі бір адал еңбек, тұрақты кәсіпті игеруге үндейді. Адал кәсіпті игеру жолына ең ақыры пайдасыз сөз бен жағымсыз істен бой бағудың өзін үлкен дәулет деп санаған ақынның ойлары ұлы Абай ұсынған озық идеялармен терең астасып, жалғасып жатыр:
Адамға ауыр дәулет бойын бақпақ,
Пайдасын жоқ сөздерден бойын сақтап.
Жігіттің семірмесі мағрыпдүр,
Бос жүру, өнер емес қылжалақтап.
Көшпелі қазақтар ғой күрке астында,
Шығыңыз қараңғыдан жарық жаққа,
Қанды ғой жатуымыз көрпе астында…
Ақын бүкіл қоғамға тән елеулі мін-кемшіліктерді аяусыз ашып сынап қана қоймай, жеке адамның мінез-құлық, іс-әрекетіндегі етек алған бейғамдық пен өнерсіздік, жалпы надандық атаулыға қарсы шығады. Осы орайда ол жатып ішер жалқаулық пен ел арасын ашатын өсек-аяңды айықпас дерт санап, одан тезірек арылуға шақырады:
Өнеріміз қымыз ішіп ет астырған,
Біздерде надандық көп тұнып тұрған.
Замана қалай болса, бөрік солай,
Шығайық сол тараптан адастырған.
М.Кәшімов осындай тоғышарлық пен тоқмейілсуге, елең-селеңмен уақыт оздырған кәсіпсіздікке қарсы өнер-білімі жетілген мәдениетті елдер өмірін үлгі етіп ұсынып, екеуін өзара шендестіре жырлайды. Бұл өлеңдердің үлгі-насихаттық, дидактикалық сипатының басым болып отыратыны да осыдан. Ол сол кездегі бүкіл халық алдындағы міндеттердің ең маңыздысы – болашақ жастарды жаңаша тәрбиелеп оқыту мәселесі деп санайды. Оның әсіресе, әдеп, этика, адамгершілік, тәлім-тәрбие туралы түйген педагогикалық ой-толғамдары мен қалың бұқараға арнап айтылған келелі кеңес, тұжырымды пікірлері де назар аударуға тұрарлықтай.
«Ақыл кітабы» аталатын еңбегінде Мұхамедсәлім Кәшімов ойлары ұлы ойшыл Абайдың қара сөздерінде толғаған ойларымен қабысып жатады. Ол осы аталған кітабында Алла атымен «Бисмиллахи рахман аль рахим» деп бастап, дүние-мүлік, мал, байлықтың бәрі өткінші дей келіп, тек қана ғылымды шайқалмайтын қазынаға теңеп: «Ғылым бітпей, үгілмей тұрған қазына. Біздің бүгінгі малдарымыз. Алтын, күміс, ва жаухар тастары, ва неше түрлі қымбатты інжу-маржан, ва дахи басқа дүние малдары болсың, бітеді иа жоғалады иаки бір-бір қазаға жолығады. Ғылым болса қанша жұмсасаңда арта береді, ешбір кемімейді, кему былай тұрсын әр уақыт жұмсап оқытқан сайын артадүр. Иесі ыждихат қылып оқыса зор ғылым болар. Ғылым оқытумен төгілмес, мәселен бір кісі неше жүз жыл неше жүз кісілерді оқыттыра-оқыттыра бәрі де ғалым болар», – десе, «Оқу» тарауында: «Ғылымлық себепті ізгі мақсатлардың дәрежесіне жетесің. Үлкен жақсыларға таныс боласың. Аллаһ тағаланы танысаң шариғатты білсең, жақсы ішіп-жесең осының бәрі де оқу-ғылым арқасында болады. «Жақсыға ерсең жетерсің мұратқа, жаманға ерсең қаларсың ұятқа» тағы да «ғалымдарға ерсең жібек тон киерсің, надандарға ерсең қара шекпен киерсің» деп ғылым үйренуге шақырады.
«Ғылым аясының (қарасы) сиясы шаһиддердің қанымен бірдей дүр. Бір кісі ғылым іздеп үйінен бір жақсы оған бір періште әр заман жәрдемші болар деген. Және егерде молла біреу өлсе өзінен соң жазған кітаптары, қаламы, қара сауыты екінші бір ғылым ұясына мирас болып қалса, ол кісіге ва жамағатпен сүйінші береді» – дейді. Сонымен қатар, «Тәрбиелі бала» «Сабаққа көңілді бала», «Сабаққа көңілсіз жалқау бала», «Үлкендерді қадірлеуші бала», «Ата-ананы жақсы көрмей тұрған бала»; «Ата-ананы жақсы көретін бала», «Ақыл» тарауында: «Ей балалар! Сіздерге мәлім болсын, адамның басқа хайуандардан айырмасы немен болады, білмегенін үйренбек, жаман нәрседен тыйылып жақсы нәрсеге көнбек, жақсы мінез үйреніп жаман мінезден тыйылмақ, һәм оқу ғылым ақыл ойлы болып сөйлеуімен болар. Бұл сөз болса ғылым деген нәрсе, яғни, адам білмеген нәрселерін, білгендерін үйреніп білмектен, кітаптан оқып білмектен болар. Адамның адамдығына осындай білу мен жаман-жақсыны айырумен болар. Енді балалар ақ пен қараны айырып тани бастаған соң жаманнан қашып жақсы нәрсеге кірісу керек дер. Мәселен, жас ағаштың қисық жерін түзету бек оңай болғандығы сияқты жас бала уақытында жақсы тәрбиеде болса түзелуі бек оңай. Енді жас уақытдан жаман надандарға жолдас болмай түзу тәрбиелі адамдардан үлгі алатын кісілермен жолдас болмақ керек».
М.Көшімовтің келесі бір «Насихат қазақия» еңбегінде 12 насихат сөз бар. Яғни, XX ғасыр басындағы өмір сүрген ойшыл әрі ағартушы Мұхамедсәлім Кәшімовтің пәлсафалық ойлары өз құндылығын әлі жоғалтқан жоқ десек қателеспеген болар едік. «Үшінші моллаларымызда хақтарымыз», «Төртінші тәрбие», «Алназифат насф алиман» атты насихаты дана ақын Абайдың оныншы қара сөзімен үндес келеді. Мәселен, Абайда: «Әуел балаңды өзің алдайсың: «Боқта!» деп, біреуді боқтатып, «кәпір қияңқы, осыған тимеңдерші» деп, оны массаттандырып, әбден тентектікке үйретіп қойып, сабаққа бергенде, молданың ең арзанын іздеп, хат таныса болды деп, қу, сұм бол деп, «пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді» деп, тірі жанға сендірмей, жат мінез кылып, осы ма берген тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?», – десе, Мұхаметсәлім Кәшімов: «Біздің қазақ халқының бек жаман бір әдеті бар. Баланың тілі шығып, сөйлей бастағанда тілін қызық көріп әртүрлі жаман сөзге үйретеді.
Мәселен, ананы боқташы, мынаны боқта дегенді үйретеді. Аллаһ сақтасын бұндай жаман сөзді сөйлету былай тұрсын, құлағына естуден сақтану керек, тағы да бір әдет бар баланы қорқытатын, жас уақытта баланы қорқытпасқа керек, мәселен; ал түйе келді, орыс, диуана қожа молла келді деп молланы тажал сыйақты көрсетіп қояды, бала ойлайды бұл молла деген жаман нәрсе дейді, оқуға көңіл қоймауына да себеп болады. Жын-шайтан келді деп бұндай жаман сөзбен қорқыту жарамайды. Неге десеңіз, бала қорқақ болып кейбір баланың шошып ауру болуына себеп болады. Хатти өсіп жеткеннен соң өзі сияқты адам баласынан да қорқып тұрады. Адам өзінде болған батырлықтан мүлде бос қалады. Бұндай жаман мінезден сақтап оңды мінезге үйрету анасының мойнында болады. Баланы не шама келгенше әр- түрлі өнерге: әдепке үйрету керек. Қыз балалар болса үй ішінде болған әдепті, қызметке әртүрлі нәрсе тіккізуге, я басқа өзіне лайық алдындағы күнінде болатын жұмысқа үйрету керек», – дейді.
Ағартушы-педагог Мұхаметсәлім Кәшімовтің «Әдеп», «Насихат қазақия», «Үгіт», «Ақыл кітабы» сияқты көркем шығармаларында айтылған педагогикалық көзқарастары бүгінгі таңдағы қоғамдық даму үрдісіне, білім саласындағы озық педагогикалық идеялардың өріс алуына бірден-бір үлес қосары анық».
Ұзақ жылдар бойы ұрпақ тәрбиесіне игі ықпал жасаған «Әдеп» «Сабақ» «Насихат қазақия», «Ақыл кітабы» сияқты ағартушылық еңбектерімен, «Сұлу қыз» жинағындағы өлеңдері және қазақ прозасының алғашқыларының бірі болған «Мұңды Мәриям» романын жазған, қазақтың ресми түрдегі тұңғыш журналы «Айқаптың» белсенді публицисі болған, 1917-1919 жылдары Ақмола өңіріндегі Алаш қозғалысының басшыларының бірі болып, Көкшетау уездік комитетінің төрағалығына сайланған, өз халқына еселі еңбек еткен асыл атамызды ұрпақ есіне сала кеткенді жөн көрдік.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар