Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылжымайтын мүлік кепілі қалай тіркеледі? - АРҚА АЖАРЫ

Жылжымайтын мүлік кепілі қалай тіркеледі?

Мемлекеттік корпорация жеке және заңды тұлғаларға «бір терезе» принципі бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді, ғимаратқа, нысандар мен құрылыс жайларға техникалық тексеріс жүргізуді, мемлекеттік жер ка-
дастрын, зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз етуді енгізу секілді мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын жалғыз провайдер болып отыр.

Ақмола облысы бойынша жер кадастрын және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті Мемлекеттік корпорацияның филиалы болып табылады. Ол жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 15 түрін ұсынады, солардың ішінде екі қызметтің жұмыс ерекшелігіне тоқталып, олардың кейбір аспектілерін оқырман назарына ұсынуды жөн санап отырмыз.
Бірінші қызмет – ғимаратқа, нысанға немесе оны құраушы құрылыс жайларға техникалық тексеріс жүргізу.
Ғимараттың, нысанның немесе оны құраушы құрылыс жайларға қатысты техникалық және құқықтық кадастрының теңестіру мәліметтерін енгізу мемлекеттік монополияға жататындығы және жылжымайтын мүлік объектісінің тұрған орны бойынша мемлекеттік корпорацияда жүзеге асырылатындығы ақпараттық жүйеде заңмен белгіленген.
Техникалық тексеріс жүргізу кезінде объектінің тексеріс жүргізу уақытындағы техникалық сипаттамасы анықталады, оны теңестіру алғашқы тексеріс жүргізу кезінде қамтылған және құқығы белгіленген құжаттарда көрсетілген техникалық параметрлерінің сәйкестілігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады. Жылжымайтын мүліктің әр объектісінде, бір жылжымайтын мүліктен екіншісін айыратындай өзінің жеке техникалық паспорты болуы тиіс. Техникалық тексерістер азаматтардың өз еркімен неше түрлі құрылыс жайларды сала берулеріне, не болмаса нысанды өз ойларымен қайта жоспарлап өзгертулеріне жол бермейді. Тәжірибеге көңіл аударатын болсақ, жылжымайтын мүлік нысандарын қайта жоспарлап өзгерістер енгізу, кескіндеу, қайта салу кей кездері уәкілетті органдардың рұқсатынсыз жүргізілетіндігі анықталуда. Сонымен бірге, көп жағдайда жылжымайтын мүлік иелері мәмілеге келерде өз иелігінен нысанды шағарар алдында техникалық тексеріс жүргізу қызметіне жүгінбей, бірден техникалық паспортты сатып алушының қолына ұстата салады. Әрине, оларға қысқа уақытта жұмысын аяқтап, қандай да бір заң бұзушылықтар, кемшіліктер болса, сатып алушы білмей тұрғанда, мәмілені тезірек жасау қажет. Нәтижесінде жылжымайтын мүлікті сатып алушы өзінің білместігінің салдарынан әлгі бұзушылықтарды заң бойынша ретке келтіре бастайды, алайда, бұған қосымша қаржы мен біршама уақыт кетеді.
Кескіндеу, қайта құрастыру, қайта жоспарлап салу және тағы да басқа өзгертулер енгізу кезінде мүлік иесі заң талаптарына сәйкес нысанды қабылдау және енгізу, пайдалануға беру әрекеттерін жүзеге асыру керек, одан кейін нысанның өзгертулерін теңестіру сипаттамасына енгізіп, тіркеуі тиіс.
Қайта жоспарлап салудың рұқсат етілетін және рұқсат етілмейтін түрлері бар. Мысалы, пәтердің ішінде бөлмелердің қабырғаларын қайта жоспарлап тұрғызу кезінде негізгі тірегі болып тұрған қабырғаларды алып тастауға, ауа өткізгіштерді кесуге, вентиляция жүйелерін өзгертуге, газ құбырларының тіректерін ауыстыруға тыйым салынған.
Қызметтің екінші бір ерекше түрі – міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу.
Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізу, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асатын есепке алу және ақпаратты сақтау әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлікке тауарлар, айналымдағы тауарлар, құрал-жабдықтар, құрылыс материалдары, ақша, мүліктік құқықтар, оның ішінде болашақтағы өнімге және өзге де мүлікке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлікке жатпайтын мүлік жатады.
Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеуді кепіл берушінің аталған мүлкіне үміткер кепіл ұстаушылардың талаптарына қатысты кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі белгілейді. Кепіл ұстаушы өзінің кепілге құқығын және осындай жағдайлар туындаған жағдайда жылжымалы мүлік кепілінің тізіміндегі кепілдің есепке тіркелгеніне сүйеніп, дәлелдей алады. Сондықтан, егер жылжымалы мүлік кепілі заңда белгіленген тәртіппен тіркелген болса, онда үшінші тараптар кепілге алуға қатысты бұрын келісім-шарттар жүргізілді деген тәрізді қарсыласуларына негіз де, мүмкіндік те болмайды.
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметін жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен және оның аудандық, қалалық бөлімшелерімен халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сондай-ақ, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу қызметтері үшін төленетін төлемдер жергілікті бюджетке аударылады.
Жеке немесе заңды тұлғалардың екінші деңгейлі банктермен жасалған кепіл туралы шарты немесе кепіл ұстаушы ретінде кепіл туралы мәліметтер қамтылған өзге де шартты жасасқан жағдайда порталдағы қызмет «Екінші деңгейлі банктердің» ақпараттық жүйесімен өзара әрекеттесу арқылы көрсетіледі. Бұл тәсілдер айтарлықтай жеңілдетілген: кепіл берушінің банкке келуі де жеткілікті. Ол оператордың көмегімен онлайн өтініш беру арқылы жүзеге асырылады. Өтініш беруші құжаттың немесе жеке куәлігінің деректемелері туралы мәліметтерге қоса, тиісті төлемақыны төлегенін растайтын түбіртегінің сканерленген көшірмесін беруі керек. Бұл жерде тек электронды сандық қолтаңба қажет болады. Кепіл шарты да электронды нұсқада толтырылады, ал құжатқа қол қойылғаннан кейін ол онлайн режимінде мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесіне жіберіледі. Бұдан әрі мемлекеттік корпорация өтінішті қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлікті электронды құжат түрінде жолдайды. Тіркеу жүргізілгендігі туралы ақпарат екінші деңгейлі банктердің және тіркеуші органдардың ақпараттық жүйесінде сақталады, құжаттамалық растауды қажет етпейді.
Электронды үкімет шлюзінің банктердің ақпараттық жүйесімен кірігуінің арқасында аталмыш электронды қызмет көптеген әрекеттердің қысқаруын қамтамасыз етіп, әкімшілік кедергілерді төмендетеді, уақыт үнемдеуге мүмкіндік туғызады.

Медеу ҚАЛЫБЕКОВ,
Ақмола облысы бойынша жер кадастры
және жылжымайтын
мүлікті техникалық тексеру
департаментінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар