Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ елі үшін маңызды жыл - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ елі үшін маңызды жыл

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі қызметін жалғастырады

Қазақстан 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып қызметке кіріскен еді. Бұл уәкілеттігін еліміз 2018 жылдың соңына дейін жалғастыратын болады. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қаңтар айында төрағалық етуін бастайды. Бұл әлемдік маңызды шараға Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысады. Әлемнің танымал көптеген сарапшылары бұл тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін аса ірі дипломатиялық жетістік деп атап өтті.

Ел жүрегі Астанаға – 20 жыл

Елорданың мерейтойлық шараларын атап өту аясында «Ел жүрегі – Астана» атты арнайы тұғырнама қабылданды. Мерейтойлық шаралар үш бағытта ұйымдастырылған: дайындық шаралары – 2017 жылдың 10 желтоқсанына дейін; негізгі шаралар – 2017 жылдың 10 желтоқсанынан 2018 жылдың 6 маусымына дейін; мерекеден кейінгі шаралар – 2018 жылдың 6 шілдесінен 31 желтоқсанға дейін. Алдын ала жоспарланған бағдарламаға сай, мерекелік шаралар тақырыптық дөңгелек үстелдер, ғылыми конференциялар, Астананың мәнін ашып көрсететін халықаралық симпозиумдар мен семинарлар және отандық, әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін мәдени шаралар түрінде өтеді. Мәдениет министрінің айтуынша, «Астана менің бақытым» атты мерейтойлық сериал көрерменге жол тартпақшы.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылады

2018 жылдың шілде айында «Астана» халықаралық қаржы орталығы ашылады деп күтілуде. Орталықты құру жөніндегі Бұйрыққа қол қойған Мемлекет басшысы ол еліміздің ғана емес, Орта Азия елдері аймағының бірегей қаржы орталығына айналатынын атап өткен болатын. Қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов таяу болашақтағы атқарылатын негізгі жұмыс бағдары қор, активтерді басқару, жеке адамдардың салымдарын басқару нарығын құру және жаңа қаржылық технологияларды дамыту болады дейді. Орталық Дубай тәжірибесі негізінде бұрынғы ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында құрылатын болады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтеді

Дін көшбасшыларының құрылтайы алдағы жылдың 10-11 қазанында Астана қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Съездің тақырыбы: «Дін көшбасшылары – бейбіт әлем үшін». Шара барысында төрт секциялық мәжіліс өтеді. Сондай-ақ, съезд шеңберінде Астананың халықаралық сыйлығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі құрметті медалін тапсыру жоспарланған. Съезге әлемнің 45 елінен 80 делегат қатыспақшы. Сонымен бірге, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Иордания королі Абдалла ІІ, Финляндияның мемлекет басшысы Саули Ниинисте сияқты белгілі тұлғалар да қатыспақшы.

Орта Азия мемлекеттерінің Саммиті болады

Алдағы жылғы елімізде болатын айтулы саяси оқиғалардың бірі ретінде Орта Азия елдері басшыларының саммитін атап өтуге болады. ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың айтуынша, саммит алдағы жылдың наурызында өтпекші және ол көрші елдердің ара қатынасын жаңа биіктерге көтеруге елеулі үлесін тигізбекші.

Өзбекстан жылы болып жарияланды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16 қыркүйек күні Өзбекстанға іссапармен барғанында екі елдің басшысы ақылдаса келе, 2018 жылды Қазақстандағы Өзбекстан жылы деп жариялауға шешім қабылдады.
«Біз 2018 жылы Қазақстанда Өзбекстан жылын өткізуге келістік. Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу де күн тәртібінде тұр. Осы бастамалар аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар бауырлас халықтарымыздың жақындастығын одан әрі тереңдетуге септігін тигізеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ал, Өзбекстандағы Қазақстан жылы 2019 жылы аталып өтіледі деп жоспарлануда.

1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы
8 пайызға, базалық зейнетақы 6 пайызға өседі

Осылайша орташа зейнетақы мөлшері 72 мың теңгені құрайды. Бұған қоса, мүгедектік, асыраушысынан айырылу, жасы бойынша әлеуметтік төлемдер 16 пайызға көбейеді, ал, қалған әлеуметтік төлемдер инфляция деңгейіне сәйкес 6 пайызға өседі. Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемімен бірдей болады. Яғни, ол да 16 пайызға өсіп, 28 259 теңгені құрайды.
«Базалық зейнетақы еңбек өтіліне байланысты 2018 жылдың 1 шілдесінен қайта есептеледі. Бұл өзгеріс 2 миллион зейнеткерге қатысты. Кімде 10 жыл еңбек өтілі болса, оларда зейнетақы мөлшері 54 пайызға тең болады. Ал, еңбек өтілі 33 жылдан асатындарда базалық зейнетақы екі есеге көп болады.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар