Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біз – бауырмыз! - АРҚА АЖАРЫ

Біз – бауырмыз!

Қазақ пен өзбек – түбі бір туысқан халықтар. Екі елдің арасындағы тарихи қарым-қатынас бауырластық пен достыққа негізделген. Қазақстан мен Өзбекстан бұл байланысты тәуелсіздік жылдары сақтап қана қоймай, нығайтып, жаңа деңгейге көтерді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылдың 23 қарашасынан басталды. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста негізге алынатын қағидалар екі ел арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы шартта белгіленді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылы Өзбекстанға барған іссапары аясында екі елдің басшылары ақылдаса келе «2018 жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы» болады деп шешім қабылданғаны баршамызға белгілі. Бұл өз кезегінде екі бауырлас елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсу мақсатында ойға алынған келелі іс деп түсінеміз. Келер жылы басталатын осынау үлкен мәдени, саяси, экономикалық маңызы бар шараға атсалысуға біздің «Өзбек мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі кірісіп кетті. Атап айтсақ, келер жылдың ақпан айында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен бірлесіп, осы мұражай қабырғасында өзбек халқының мәдениетін, салт-дәстүрін көпшілікке насихаттау мақсатында үлкен шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Әрине, жыл бойы тек осы іс-шарамен ғана шектеліп қоймаймыз. Екі елдің достығын, бірлігін нығайтуға өзіміздің тарапымыздан үн қосуға біз қашанда әзірміз. Әлемде түрлі қақтығыстар орын алып жатқан мына заманда береке-бірліктің, татулықтың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеміз. Барлық мемлекеттердің бір-біріне деген саяси көзқарасы дұрыс болғанында, Сириядағы, Ирандағы сынды қаншама халық қазіргідей зардап шегіп, азапты күндерді бастан өткермес еді деп ойлаймын.
Қазақ халқы да, өзбек халқы да ежелден бір-біріне бауырлас, бейбітсүйгіш халықтар екені рас. Енді міне, осы достығымыз келер жылы атап өткелі отырған Қазақстандағы Өзбекстан жылында да одан әрі беки түсетініне сеніміміз мол. Биылғы жыл еліміз үшін де, біздің қоғамдық бірлестік үшін де жаман болған жоқ. Президентіміз Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған барлық міндеттерді бір кісідей орындап шықтық. Оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы «Атамекен» бағдарламасы, қайырымдылық шаралары да бар. Осы игі істер 2018 жылы да өз жалғасын табатын болады. Барша ақмолалықтарды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Дендеріне саулық, отбас-тарына амандық тілеймін. Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл жарылқасын. Достығымыз нығая берсін, ардақты ағайын!

Тожибуви МЕДЕТОВА,
«Өзбек мәдени орталығы» қоғамдық
бірлестігінің төрайымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар