Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ешкі сүтін өндіруде - АРҚА АЖАРЫ

Ешкі сүтін өндіруде

Қажымұқан ауылында осыдан тура бір жыл бұрын 5 мың бас ешкіге арналған тауарлы-сүт фермасы ашылған болатын. Қазір оның өніміне сұраныс күннен-күнге артып келеді.

«Астананың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған тың жобаны «Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Хамит Фаезов пен құрылтайшысы Ермек Лұқпанов бірлесіп жүзеге асыруда. Шаруашылық басшысы Хамит Фаезовтың айтуынша, барлығы осыдан үш-төрт жыл бұрын басталған болатын. Сол кезде ол өзінің әріптесі Ермек Лұқпановпен ақылдаса келе, Астананың іргесінде ешкі сүтін өндіруді қолға алуды жөн көреді. Алдарына нақты міндет қойған олар алдымен аталған өндірістің пайдасы мен зияны жөнінде зерттеп білді. Тіпті, осы мақсатта Еуропа мен Израильге барып, сол жақтағы шаруалардың тәжірибесін де үйреніп келген жайы бар.
Ферманың жұмыс істей бастағанына тура бір жылдың жүзі болды. Осы аз ғана уақыттың ішінде іс ілгері басып, ешкі сүтіне деген сұраныс арта түсуде. Өнім Астана қаласы мен аудан аумағындағы елді мекендерге өткізіледі. Қазіргі кезде фермада сүт цехы, 72 ешкіге арналған сауын алаңы және жылдық қуаты 4 мың тонна сүт зауыты жұмыс істеуде. Төрт жүзге жуық ешкі төлі бар. Алдағы уақытта кəсіпорын толық қуатына шыққан кезде төл басын 5 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл асыл тұқымды ешкілерден жылына 800 және 1200 литрге дейін сүт алуға болады. Одан сүт, ірімшік жəне йогурт тəрізді 12 түрлі сүт өнімін шығару көзделген. Оған қоса, алынған өнімді осында өңдеп, шетелге экспортқа шығару да жоспарда бар. Қазірдің өзінде Италия және Қытай елдері болашақта бізден шығарылатын сүтке қызығушылық танытып отыр. Ендеше «Қазақстанда жасалған» отандық брендпен «Зеренді» асыл тұқымды шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімін шетелдердің сауда орындарындағы сөрелерден де көретін боламыз. Бұған шаруашылықтың мүмкіндігі мол.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар