Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі артты - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі артты

Аймақ тұрғындарын жедел мемлекеттік қызмет алу мәселесі толғандыратыны белгілі. Осы орайда, мемлекеттік және коммерциялық қызмет түрлерін ұсынатын барлық ұйымдар бұл жұмысты оңтайландыру мәселелерін дұрыс шешуге ұмтылуда.

Мемлекет басшысының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспары бағдарламасына енгізілген қадамдардың бірі – «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру болып табылады. Бұл бірыңғай провайдер «Бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетіп, бұл бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асыруда. «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына көп назар аударады. Әртүрлі қызмет түрі бойынша бизнес үрдістерді оңтайландыру жұмысы жиі жүргізіледі. Мемлекеттік корпорация қызметінің көрсеткіші азаматтарға қызмет көрсету деңгейін арттыруға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ашықтығын нығайтуға, олардың қажеттілікке деген белсенділігіне, адамдардың қызығушылығына және бизнеске бағытталады. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің тізіміне 723 қызмет енгізілген. Оның ішінде мемлекеттік корпорация кеңсесі арқылы 548 мемлекеттік қызмет ұсынылады. Облыстық жер кадастры және мүлікті техникалық зерттеу департаменті мемлекеттік корпорацияның құрылымдық бөлімшесі болып табылып, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 15 түрін ұсынады. Оның ішіне жер кадастры саласындағы 11 қызмет және мүлікті техникалық зерттеу саласының 4 қызметі кіреді. Сондай-ақ, департамент жер кадастры мен жерге орналас-тыру жұмысы саласындағы коммерциялық қызметтің 38 түрін ұсынады. Жер кадастры мен мүлікті техникалық зерттеу департаменті қызметінің мақсаты мемлекеттік жер кадас-трын енгізу, жердің сапасы мен санын есепке алу, жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау, жер учаскелеріне идентификациялық құжаттар беру, жер кадастры бойынша ақпараттық қызмет көрсету, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеу, жылжымалы мүліктің кепілдігін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу бойынша ақпараттық қызмет көрсету болып табылады. Ыңғайлы жағдай жасау және тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету жағдайын жақсарту аясында «Бір өтініш» қағидатына көшу жүзеге асырылады. Яғни, бір қызмет алушының бірқатар мемлекеттік қызмет құжаттарын бір маман қабылдайды.
Бүгінгі таңда департамент композиттік мемлекеттік қызмет көрсетудің үш түрін ұсынады. Бір өтініш қағидаты бойынша облыстық жер қатынастары басқармасымен бағалау құны бекітілетін жер телімінің кадастрлық құны анықталады. Аталмыш басқармамен жерге орналастыру жобасы жасалып, бекітіледі. Жер теліміне идентификациялық құжаттар жасалып, кейін оны әділет органына тіркеу құқы беріледі. Композиттік қызмет көрсету несімен қызықты? Композитке бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызмет жиынтығы кіреді. Яғни, адам өтінішпен бір мәрте жолығуы жеткілікті. Нәтижесінде әртүрлі ұйымдардың қажетті бекітуінен және тіркеуінен өткен дайын құжат алады. Бұл қызмет көрсету мерзімін қысқартады. Қызмет алушының жұмысын жеңілдетеді. Бірін-бірі қайталайтын артық жұмысты қысқартады. Өткен жылдың 9 наурызынан мемлекеттік корпорацияның жылжымайтын мүлкіне тіркеу құқы бойынша әділет органдарының жұмысын беру жөніндегі пилоттық жоба жүзеге асырыла бастады.

Бүгінгі таңда бұл пилоттық жоба департаменттің Бурабай аудандық бөлімі базасында жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта пилоттық жоба барлық Ақмола облысына енгізіледі. 2018 жылы жоба Қазақстан Республикасының барлық жұмыс тәртібіне кіреді. Жылжымайтын мүлікті тіркеу құқы мемлекеттік корпорацияға берілді. Сондай-ақ, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы» НАҚ филиалы – облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаменті енгізілген пилоттық жоба аясында Көкшетау қаласы тұрғындарына қызмет көрсету орталығында жеке және заңды тұлғаларға тек қана мемлекеттік қызмет емес, жерге орналастыру жобасын жасау, жер телімінің шекарасын белгілеу, мемлекеттік жер кадастры мәліметін ұсыну, жерді зерттеу және департамент көрсететін өзге де қызметтер тәрізді жерге орналастыру және жер кадастры жұмысы бойынша қызмет алу мүмкіндігі туғызылуда. Сөйтіп, тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары жұмысының кестесін ұлғайту бойынша жоғарыда аталған қызметтерді алу жағдайы жақсарды.

Медеу ҚАЛЫБЕКОВ,
Ақмола облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу департаментінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар