Бүгінгі күні Бурабайда демалуды ойлағандар 87788611828 нөмірі арқылы қонақ үйлер мен оның бағасы, шипажайлар, емдеу шаралары, қызмет түрлері мен оның құны жайындағы барлық қажетті ақпараттарды алуына мүмкіндігі бар. Бұған туристік операторлар мен қонақ үй иелері және туристердің үшжақты келісімі арқылы қол жеткізілді.
Бұл Щучинск-Бурабай курортты аймағына демалушыларды тартуға арналған кері байланыс бойынша бірінші жоба болып отыр және ол жыл он екі айға негізделген.
Демалушылар жоба негізінде өздеріне ұнайтын және мүмкіндігіне сай келетін демалыс нысандарын таңдауға мүмкіндік алады және ол өз кезегінде курортты аймақты дамытуға тың серпін береді деп күтілуде.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.