Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында облыс прокуроры Руслан Тәшімбаев азаматтарды жеке басы мәселелері бойынша қабылдау өткізді. - АРҚА АЖАРЫ

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында облыс прокуроры Руслан Тәшімбаев азаматтарды жеке басы мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Павлодар облысының Екібастұз қаласынан арнайы келген Әйгерім Тәженова облыс прокурорына біздің өңірімізде орналасқан ЕЦ-166/4 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан жолдасына қатысты мекеме қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер жасалуына орай шағымданды. Оның жолдасының шағымы бойынша мекеме қызметкерлеріне қарсы іс ашылып, бірақ, ол жабылып қалған екен. Кейін қайта шағымданып, таяу арада сот болмақшы дейді арызданушы. Ол облыс прокурорынан түзеу мекемесі басшыларының өз әрекеттері үшін заң алдында жауап беруі қамтамасыз етілсе деген өтінішін айтты. Облыс прокуроры бұл істі жеке бақылауына алып, бәрінің заң бойынша жасалуын қамтамасыз етуге уәде берді.
Бурабай ауданынан келген кәсіпкер Иван Попов бес жылдан бері соттасып, әділдік таба алмай келе жатқанын айтып, жүйкесін жұқартып, әуреге салған осы істі заң талабына сай шешілуіне жағдай жасасаңыз деген өтінішін білдірді. Ал, жалданып жұмыс істеп, табыс тауып жүрген күйеу баласының тракторға тапталып, жарақат алуына байланысты қылмыстық істің төрт айдан бері сағызша созылып кеткеніне налыған Жарасбай Беспаев құқық қорғаушылардың өз міндеттерін дұрыс орындамайтынын айтып шағымданды. Облыс прокуроры жеке қабылдауына арызданып келген азаматтарға прокуратура тарапынан істің ақ-қарасы анықталып, бәрінің қатаң заң шеңберінде шешілуін қамтамасыз етілетінін атап өтті және бұл істерді жеке бақылауына алатынын мәлімдеді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар