Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер қойнауының қазынасы тиімді пайдаланылсын - АРҚА АЖАРЫ

Жер қойнауының қазынасы тиімді пайдаланылсын

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен кеңесте инерттік материалдарды заңсыз өндіру фактілеріне жол бермеу мәселелері қаралды.

Аршалы, Шортанды және Целиноград аудандарының әкімдері, құқық қорғау және бақылау органдарының басшылары қатысқан кеңесті ашып жүргізген өңір басшысы өз сөзінде өткен жылдың мамыр
айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеңес өткізіп, Ішкі істер министрлігіне Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдіктерімен бірге заңсыз инерттік материалдар өндіру фактілерінің жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырғанын атап өтті. Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша өткен жылы Ақмола облысында заңсыз пайдалы қазбаларды өндірудің 77 фактісі анықталған. Кеңесте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Жақсылықов пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы бүгінгі жағдай жөнінде баяндап берді.
Бүгінгі таңда облыста 158 жер қойнауын пайдаланушы субъект жұмыс істейді. Олармен пайдалы қазбалар орнын пайдалануға қатысты 183 келісім-шарт жасалған. Оның ішіне құрылысқа арналған қиыршық тас өндірісінің 89, құм өндіруге қатысты 43, кірпіш шикізатын өндіру жөнінде
24 келісім-шарты кіреді. Целиноград ауданында 62, Аршалы ауданында 38, Шортанды ауданында 12 пайдалы қазба орны бар. Соңғы үш жылда пайдалы қазбалар өндіру көлемі азайғаны байқалады. Өткен жылдың
9 айында 3,2 миллион текше метр құрылысқа арналған қиыршық тас өндірілген. Түскен салық көлемі де аздап азайған. Жер қойнауын пайдалану саласында жасалған келісім-шарт бойынша жер телімдеріне құжат толтыру өзекті мәселе болып отыр. Жер кодексіне сәйкес, заңды тұлғада тиісті құқық беретін құжаттар болмаса, жер телімін пайдалануға жіберілмейді.
Қазіргі күні белгілі болғандай, 46 жер телімінің құжаты толтырылмаған. Оның ішіне Целиноград ауданының 17, Аршалы ауданының 12, Шортанды ауданының
3 жер телімі кіреді. Жер қойнауын пайдалану мақсатындағы жер телімінің құжатын толтыру мәселесі жергілікті аудандық әкімдіктер деңгейінде көп жылдар бойы созылып келеді. Экология кодексіне және жер қойнауы жөніндегі заңға сәйкес, жер қойнауын сақтауға облыстағы қоршаған ортаны қорғау өкілетті органымен мемлекеттік бақылау орнатылған. Дегенмен, бүгінгі таңда 33 кеніш бойынша жою жұмысы жүргізілмей отыр.
Астананың айналасындағы Целиноград пен Аршалы аудандарында жаз және күз айларында заңсыз құрылыс материалдарын өндірумен айналысатындар көбейіп кетеді. Нәтижесінде, облыс пен аудан бюджетіне толық көлемде салық түспейді, жұмыс орны ашылмайды. Жер қыртысы бұзылады, қоршаған орта ластанады.
Заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісі жөніндегі өндірісті тоқтатудың негізгі себебі, шығын сомасының жеткіліксіздігі болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына космостық мониторинг жүргізу мақсатында «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы геопортал құрды. Ол заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтауға үлкен септігін тигізеді деп күтілуде.
Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану бойынша интерактивтік карта құру мәселесі қаралуда. Мұнда облыс аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланудың жұмыс істейтін және бос нысандары жөнінде мәлімет орналастырылады. Кеңес барысында қойнауды пайдалану саласындағы өзекті мәселелер мен бүгінгі жағдай талқыланды. Сонымен бірге, кеңінен таралған пайдалы қазбалар бөлігінде қойнауды пайдаланудың заңдылығын қамтамасыз ету және 2018 жылы заңсыз инертті материалдар өндіру фактілерінің жолын кесу жөніндегі шаралар жоспары қаралып, бұл жоспардың жүзеге асырылуына жауапты тұлғалар анықталды.
Кеңесте облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Ержан Сәденов кеңінен таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесу жұмысы жөнінде баяндаса, Целиноград ауданының әкімі Мәлғаждар Тәткеев өз ауданындағы құрылыс материалдарын заңсыз өндіру жөнінде айтып берді. Кеңес жұмысын қорытындылаған облыс әкімі бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажеттігін, барлық мүдделі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының арқасында Астананың айналасындағы аумақта тәртіп орнатылатынын айтып өтті.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар