Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жайылымдар тозып барады - АРҚА АЖАРЫ

Жайылымдар тозып барады

Бүгінгі таңда облысымызда шешімін күткен бірқатар экологиялық проблемалар бар. Оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары мәселесі туындап отыр.

Полигонның көбі санитарлық талаптарға сәйкес келмейді. Тіпті, рұқсат етілмеген үйінділер де кездеседі. Мәселен,
547 полигонның 33-іне ғана құжат толтырылған. Бұл жағдай тұлғаларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бермейді. Осындай келеңсіздік өңірдің жеті ауданында орын алған.
Мысалы, Зеренді ауданында 80, Ақкөл ауданында 35, Целиноград ауданында 35, Астрахан ауданында 32 заңсыз полигон бар. Аталмыш полигондар жұқпалы аурулардың таралуына, жер асты суларының, топырақ пен атмосфераның ластануына ықпал етуде.
Сондай-ақ, жақын маңдағы егіс алқаптарында, шабындық және жайылым жерлерде өрт қаупін тудырады. Облыс аумағындағы өзен-көлдер де ластануда. Тіпті, көбі кеуіп қалған. Мәселен, өткен ғасырдың елуінші жылдары өңірде бес жүз көл болса, оның екі жүзі осындай жағдайда. Сондай-ақ, су айдындарының инвентаризациясы мен суды қорғау аймақтарының шекараларын бөлу толық жүргізілген жоқ. Елді мекендердің іргесіндегі жайылымдық жерлер де тозып барады. Бірқатар кәсіпорындар тексеру мораторийін теріс пайдаланып, ауаны тым ластауға жол берген.
Өткен жылдан бастап қоршаған ортаға эмиссиялар төлемақыларды есептеудің белгіленген нормативтерінен жоғары мөлшерлемені он есеге көбейтусіз жүргізіледі. Бұл проблемаларды өңірдің әртүрлі деңгейдегі депутаттары мен тұрғындары бірнеше мәрте көтерді. Алайда, бұған бюджет қаржысының шектелгені қолбайлау болып отыр. Өзекті мәселелерді шешу үшін экологиялық нормаларды көбейтіп, оны еуропалық стандарттарға дейін жеткізу қажет. Сондай-ақ, қоршаған ортаға эмиссиялар төлемақыларын көбейту керек.
Облыс бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар төлемақыларын 20 пайызға көбейткенде, нақты нәтижелерге қол жеткізілетінін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда табиғатты пайдаланушылар экологиялық жабдықтарды қолдануға, қазіргі заманғы тазарту құрылғыларын орнатуға және ресурс сақтау технологияларын енгізуге құлықсыз. Эмиссиялар көздеріне орнатылған көптеген тазарту жабдықтарының тозығы жеткен. Олар экологиялық нормативтерге сәйкес келмейді. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемесі Салық кодексінің базалық мөлшерлемесіндегі екі коэффициентке көбейтілсе, қазіргі заманғы технологиялар мен тазалау құрылғылары пайдаланылса, өзге де табиғатты қорғау іс-шаралары жүргізілсе, жерді пайдаланушылар қоршаған ортаға эмиссияларды қысқартады. Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында мөлшерлеме екі есеге көбейгенін атап өткен жөн. Мөлшерлемені көбейту нәтижесінде алынатын қаржы өңір тұрғындары үшін көптеген маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік берер еді.
Әбілжан ҚҰСАЙЫНОВ,
«Эко-Көкше» экологиялық орталығы» қоғамдық
бірлестігінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар