Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қанжар тілді Қуат ақын - АРҚА АЖАРЫ

Қанжар тілді Қуат ақын

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан соң еліміздің әр өңіріндегі тарихи және қасиетті жерлер нақтыланып, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қатысты деректер, мәліметтер жаңғыртылып жатқаны мәлім.

Сілеті өзенінің бойындағы Қулыкөл ауылы асыл дініміз исламды уағыздаған, қасиетті Құран-Кәрімді жатқа білген қари Мұфтахиддин Усинұлы, ел-жұртқа суырып салма өнерімен мәшһүр болған – ақын Қуат сынды тұлғаларды дүниеге әкелген мекен.
Қанжар тілді ақын Қуат Ерейментау, Сілеті өңірлеріне нақыл сөздерімен, айтыскерлігімен танымал. Ақын жа-
йында көптеген аңыздар, әңгімелер ел аузында сақталған, әрі шығармалары қолжазба түрінде де кездеседі. Әдеби мұрасы хақында ғылыми конференцияларда баяндалып, насихатталып жүр. Кейінгі жылдары ақын мұрасына қатысты жаңа деректер, мағлұматтар табыла бастады.
Әрқилы тарихи-әлеуметтік, саяси өзгерістерге толы кезеңде дүниеге келген Қуат Арабданұлы қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына, көркемдік көкжиегінің кеңеюіне үлес қосқан, ағартушы-демократтық бағытты берік ұстанған ақын ретінде белгілі болған. Ақын өлеңдерінде ағартушылық, имандылық, адамгершілік, рухани құндылықтар көп айтылады.
Иманды адам ішеді зәмзәм суын,
Пайғамбардың көреді жасыл туын.
Қиыншылық бір жол бар сират деген,
Адамзаттың айдайды жасы қуын,
Сираттан иманды құл талмай өтер,
Қожа молла айтпайды тіпті бекер.
Имандының орны егер жұмақ болса,
Ақымақтарға орын болмайды екен, –
деп ақын иманды пенденің Алла алдындағы барлық парыз-міндетін жалған дүниеде мүлтіксіз орындайтын болса, «сират» атты көпірден қиыншылық көрместен өтіп кетері анық екенін меңзейді.
Дұғаны ұл мен қыздан көп сұрайсың,
Өлген соң дүниеге келе алмайсың!
Жұмақ пен тамық алдында екі айыр жол,
Қайсысына барарыңды біле алмайсың, –
деп осы дүниеден озған соң адам баласы тек қана ұрпағының дұғасына зәру екендігін, өлген адамға дұға бағыштаудың қаншалықты қажет екендігін айтады.
Құдайдың сүймес құлы сараң болар,
Садақа, зекет бермес надан болар.
Қолыңда малы бар, зекеті жоқ,
Соларды тұп-тура тозаққа айдар.
Жинаған зекетсіз мал харам деген бар,
Құрт, құмырсқа, бақа менен шаян болар.
Қанша сұмдық жалғанда күнә қылсаң,
Өлген күні алдыңда даяр болар, –
дейді ақын келесі бір өлеңінде.
Асыл дініміз исламның бес парызынан хабардар болған ақын Қуат Арабданұлы садақа, зекет бермесе, жинаған мал-мүліктің барлығы харам болады деп есептеген. Дәл осындай пікірлер ислам ғұламаларының кітаптарында, қасиетті Құранда кеңінен айтылған. Жазушы Мұхтар Әуезов: «Қазақ халқының ақындық қабілет-дарыны өмірде ақындардың ерекше типін туғызады. Бұл біздің заманымызға дейін жеткен бұрынғы ақындық қазыналарды сақтап қалған әрі жыршы, әрі импровизатор ақындар», – деген екен. Тума талант, өзіне тән сөз саптасы, айту нақышымен ерекшеленетін, заманында төкпе жырдың төрінен көрінген Қуат Арабданұлын да ақындық қазынаны, жыршылықты, ақындық типті, импровизаторлық үрдісті сақтаған ақындардың бірі деп есептеймін.
Қуанышбек ШӘРІПОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар