Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Испанияда Щучинск-Бурабай курорттық аймағы таныстырылды - АРҚА АЖАРЫ

Испанияда Щучинск-Бурабай курорттық аймағы таныстырылды

Ақмола облысының делегациясы Испания елінің астанасы Мадрид қаласында ашылған 38-ші халықаралық FITUR-2018 көрмесіне қатысып, «Щучинск-Бурабай» курорттық аймағының туристік əлеуетін таныстырды.

Өткен жылы ұйымдастырылған аталмыш халықаралық көрмеге 165 елден 10 мың компания, туризм бизнесіндегі 136 мың маман қатысқан болатын. Ал, көрмені тамашалауға келген адамдардың саны 100 мыңнан асты. Биылғы бұл көрмеге Қазақстан Республикасы атынан тұңғыш рет Ақмола облысының делегациясы қатысып отыр. Делегация құрамына Ақмола облысының туристік ақпараттық орталығы, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, облыстық туристік қауымдастық өкілдері мен туроператорлар енді. Ақмолалықтар ұсынған «Visit Akmola» қабырға тақтасының ашылуына Қазақстанның Испания корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі Бақыт Дүйсенбаев, ЮНВТО (UNWTO) дүниежүзілік туристік ұйымының өкілдері қатысты. Көрмеде Ақмола облысы «Щучинск-Бурабай» курорттық аймағының туристік əлеуеті таныстырылды.
Осы орайда, делегация құрамында болған облыс әкімінің кеңесшісі Марат Иғалиевтің айтуынша, өңірімізде облыс əкімінің тапсырмасымен Бурабай жəне Зеренді аумағына туристерді көптеп тарту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Облыс делегациясының осы көрмеге қатысуы соның бір дәлелі.
– Ақмолалықтар бұл туристік көрмеге бірінші рет қатысып отыр. Көрменің алғашқы күні Ақмола облысының «Visit Akmola» туристік орталығы мен Португалияның туризмді дамыту ұйымымен тəжірибе алмасу, мамандарды оқыту бойынша екіжақты келісімге келдік. Сонымен қатар, ЮНВТО (UNWTO) дүниежүзілік туристік ұйымының бас хатшысы Зураб Пололиашвилимен кездесу ұйымдастырылды, – деп атап өтті Марат Иғалиев өз сөзінде.
Облысымыздың туристік әлеуеті жоғары болғанымен әлі де өңірдің туристік бет-бейнесін жақсарту үшін бірқатар кең көлемді шаралар қажет. Негізгі шаралардың бірі – туристік фирмалар мен туроператорлардың халықаралық туристік жәрмеңке, көрме мен конференция тәрізді әлемдік деңгейдегі шараларға қатысуы және оларды Қазақстан жерінде де өткізу. Ақмола облысы делегациясының Испанияда өтіп жатқан туристік көрмеге қатысуын осы игі істердің бастамасы деп түсінуге болады. Жалпы, аймағымызда туризмді дамыту бағытында атқарылып жатқан игілікті істер аз емес және бүгінгі күнге дейін қол жеткен бірталай жетістіктеріміз де баршылық. Соған қарағанда курортты өңір еліміздің ғана емес, алыс-жақын шет елдер туристерінің де жиі келіп, дем алатын сүйікті орнына айналатынын сеніммен айтуға болады.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар