Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеңес төрағасы тағайындалды - АРҚА АЖАРЫ

Кеңес төрағасы тағайындалды

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері бойынша «Мирас» кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Аталмыш жиында кеңестің төрағалық қызметіне облыстық «Ақмола-Тіршілік» ЖШС-нің директоры, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев тағайындалды.

Бұл қоғамдық кеңесті мемлекеттік маңызы бар келелі ой, пәрменді пікір айтылатын алаң деп атасақ артық айтқандық емес. Себебі, кеңестің негізгі міндетіне мәдениет пен өнер саласындағы басым бағыттарды анықтап, оларды жүзеге асыру үшін нақты ұсыныстарды әзірлеу жатады.
Жиында партияның облыстық филиалы төрағасының орынбасары Азамат Біржанов бұған дейін қоғамдық кеңес жұмысына төрағалық еткен Мейрамбек Қиықұлына зор ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Кеңес жұмысына жиналған облысымыздағы мәдениет саласының қызметкерлері Елбасының Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын талқылады. «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Жабал Ерғалиев өз сөзінде «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының биылғы Жолдауында айтылған он міндеттің мемлекетіміз үшін қашан болсын өз маңыздылығын жоймайтындығын, сондай-ақ, саяси реформа және экономикалық жаңғыру үрдістері негізінде әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылу үшін нақты мақсат-міндеттер, негізгі басымдықтар және оған жетудің жолдары қарастырылғандығын баса айтты.
– Біз әр Жолдаудан еліміздің болашағын анықтайтын, ел болашағының мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұжырымдамасын тыңдап, соған дағдыланған халықпыз. Және оны халық ерекше ықыласпен күтеді. Елбасы атап көрсеткен он басымдықтың барлығы ел болашағы үшін дер кезінде жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз,– деді Жабал Ерғалиұлы.
Ал, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тахир Мұхамадеев Жолдаудың негізгі бағыттарына тоқталса, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Бекназарова мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, актриса Людмила Скуратова болса, мәдениет саласы бойынша өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Кеңес жұмысына қатысқан мәдениет саласының қызметкерлері Елбасы Жолдауын қызу қолдайтындықтарын бірауыздан айтып, барша қазақстандықтарды талқылау, түсіндіру жұмыстарына атсалысуға шақырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар