Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрғын үй құрылысы үш есе ұлғаяды - АРҚА АЖАРЫ

Тұрғын үй құрылысы үш есе ұлғаяды

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткен кеңесте аймақта «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Бұл мемлекеттік жаңа бағдарлама өткен жылдың басынан бастау алып, бұрын қабылданған барлық тұрғын үй құрылысы бағдарламаларының басын біріктірді. Облыста жаңа бағдарламаны ипотекалық несиелеудің қолжетімділігін арттыру, жекеменшік тұрғын үй құрылысын ынталандыру, тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру, жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту тәрізді бағыттар жүзеге асырылуда. Облыстық құрылыс басқармасы көп пәтерлі тұрғын үйлер мен жекеменшік тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды тартады. Аталмыш басқарма басшысының орынбасары Манапхан Хансейітов өз есебінде «Нұрлы жер» бағдарламасының екі бағыты бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен биыл 226 пәтерлік 9 тұрғын үй пайдалануға берілгенін айтып өтті.
Облыс басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жекеменшік тұрғын үй құрылысын ынталандыру» бағытын жүзеге асыру үшін облыстық әкімдікте тұрғын үй құрылысы мәселесі жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесі құрылған. Оның отырысында Көкшетау қаласындағы 90 пәтерлік тұрғын үй құрылысының жобасы мақұлданып, хаттамасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен банкке жіберілді. Биылғы жылы тұрғын үй құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымға 7,7 миллиард теңге қаржы бөлу қарастырылған. Оған мемлекеттік құнды қағаздар шығару арқылы «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамының қаржысы да кіреді. Сондай-ақ, облыстық бюджеттен 17 жобаны жүзеге асыруға 985 миллион теңге қаржы бөлу қарастырылған. 2018 жылы республикалық және облыстық бюджет қаржысы есебінен 511 пәтерлік 14 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланды. Бұл көрсеткіш өткен жылғы межеден үш есе артық. Биылғы жылы «Тұрғын үй құрылысын жинақтау жүйесі арқылы несиелік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша Көкшетау қаласында 12 жобаның құрылысы қарастырылған. Құрылыс ісі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комитет әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысының 7 жобасын жоспарлауда. Биыл республикалық және облыстық бюджет есебінен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы үшін қомақты қаржы бөлінді.
Сондай-ақ, Көкшетау қаласында биыл жалға және несиеге берілетін көп пәтерлік 11 тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылған. Облыс орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында көп пәтерлік 12 тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда. «Жекеменшік тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты бойынша облыстың жеті ауданының 14 елді мекенінде жекеменшік тұрғын үй құрылысы жоспарлануда.
2018 жылы Құрылыс ісі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комитетке 8 құрылыс жобасының, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне 11 құрылыс жобасының өтінімі берілді. Басқарма облыстың барлық аудандарымен бірге тұрғын үйді пайдалануға берудің үш жылдық жоспарын жасады. Аталмыш комитеттің тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарына сәйкес, биыл Ақмола облысының үлесіне 360,8 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы тиіп отыр. Тұрғын үй құрылысын жинақтау банкі Ақмола филиалының директоры Алмат Нұрахметов өз сөзінде банк қызметкерлері Степногорск қаласы мен 17 ауданға барып, жергілікті тұрғындарға «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ережелерін түсіндіргенін айтып берді. Осының нәтижесінде 325 жинақ есепшоты ашылған. Қазір салымшылар саны 34885 адамды құрайды. Сондай-ақ, филиал тұрғылықты жері бойынша аудандарда тұрғын үй сатып алуға тілек білдірген салымшыларды зерттепті. 4713 салымшы өз ауданынан тұрғын үй сатып алу үшін депозиттік қаржы жинауда.
«Есіл» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы жанындағы «Ақмола Нұрлы жер» серіктестігінің директоры Асқар Тілемісов өздерінің негізгі міндеттері жөнінде баяндап берді. Кәсіпорын облыстық әкімдікпен бірге аудандар мен елді мекендер шеңберінде бірқатар бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысы мәселелерін зерттей бастапты. Әр аудан бойынша жер учаскелерінің саны, бас жоспарлар мен жасалған жобалық жос-парды дамыту есепке алынып, аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру үшін ұсыныстар жинақталды. Тұрғын үй құрылысының сұранысына ие Целиноград, Бурабай, Зеренді, Бұланды аудандары тұрғындарының сатып алу қабілеттілігі негізінде 2018-2020 жылдарға талдау жасалды. Сондай-ақ, серіктестік басшысы пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында жекеменшік тұрғын үй құрылысының қалай қаржыландырылатыны және өзара жұмыс тетігі жөнінде айтып берді. Облыс әкімі өз қорытынды сөзінде бұл жобаларға тағы да талдау жасап, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар