Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Жиында Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының нәтижелері мен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қарастырылды.
– Біз бүгін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысын, соның ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен, Вице-Президент Майкл Пенспен, басқа да басшылармен өткен келіссөздердің нәтижелерін талқылаймыз. Сондай-ақ, еліміздің мүддесі үшін бұл уағдаластықтардың орындалуына септігін тигізетін шараларды қарастыру қажет, – деді Елбасы.
Қазақстан Президенті АҚШ-тың ірі компанияларымен және қаржы институттарымен жасалған келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
– Біз америкалық бизнес «капитандарымен» нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бұлар біздің экономикамызға, әсіресе инновацияны енгізу, цифрландыруды дамыту және Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту салаларына тың серпін беретін
болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Елбасы Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі диалогы еліміздің экономикасын дамыту және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар