Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кепілдендірілген құқықтық көмек - АРҚА АЖАРЫ

Кепілдендірілген құқықтық көмек

Еліміздің әрбір азаматының қауіпсіздігі, құқықтары мен бостандықтары Конституциямен қамтамасыз етілген және кепілдендірілген, оған ешкімнің де қысым көрсетуге құқығы жоқ. Яғни, Ата Заңымыздың 13 бабына сәйкес, әрбір азамат білікті құқықтық көмек алуға, ал, заңмен қарастырылған жағдайларда мұндай қызметті тегін алуға құқылы.
Осы орайда, мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық көмекке кімдер жатады деген сұрақ туындайды. «Мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық көмек туралы» заңға сәйкес, құқықтық көмек Қазақстан Республикасының «Мемлекетпен кепілдендірілген құқықтық көмек туралы» заңы және басқа да заңнамалық актілермен бекітілген тәртіпте және жағдайларда нотариустармен, адвокаттармен, жеке сот орындаушыларымен құқықтық кеңес беру түрінде, адвокаттармен соттарда, қылмыстық тергеу органдарында, басқа да мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделеріне өкілдік ету және қорғау түрінде көрсетіледі.
Заңға сай, Ұлы Отан соғысының ардагері немесе оған теңестірілген тұлғаларға, шұғыл әскери қызметшілерге, І және ІІ топ мүгедектеріне және жасы бойынша зейнеткерлерге адвокаттармен және нотариустармен құқықтық көмек тегін көрсетіледі.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін әділет департаментімен Ақмола облысының жеке нотариустарының, адвокаттар алқасы мен жеке сот орындаушыларының құқықтық кеңестерінің байланыс телефондары және мекен-жайлары жазылған интерактивті картасы жасалған.
Интерактивті карталардың арқасында өзіңізге жақын жердегі кеңсені көріп, таңдауға әбден болады. Карталармен департаменттің
www.akm.adilet.gov.kz ресми сайтында және ақпарат агенттіктерінде танысуға болады.
Сонымен қатар, облыс аумағында нотариалды палата (Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі 54, тел: 8(7162)25-15-34) және адвокаттар алқасы (Көкшетау қ., Тәшенов көшесі 47, тел: 8(7162)32-31-13) әрекет етеді.
Төменде тегін кепілдендірілген көмек беретін адвокаттардың тізімі мен телефондарын жариялап отырмыз.
Облыстық әділет департаментінің
баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар