Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастарға сенім көрсетіліп отыр - АРҚА АЖАРЫ

Жастарға сенім көрсетіліп отыр

Жуырда облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асырудың қорытындылары қаралған брифинг өтті. Оған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаева мен осы департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Гүлмира Евниева қатысты.

Р.Братаева өз сөзінде мемлекеттік қызметке кірудің үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу арқылы жаңартылған тәртіп туралы айтып өтті. Бұл жүйе арқылы үміткерлерді төменгі лауазымдарға қабылдау іске асырылады, ал, әрі қарай мансаптық өсу құзыретті тәсіл негізінде жүзеге асырылатын болады.
Өткен жылдармен салыстырғанда жас мамандарды мемлекеттік қызметке қабылдаудың қарқындылығы байқалады. Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 25,2 пайызы – 29 жасқа дейінгі жастар. Мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданған 390 мемлекеттік қызметшіге тәлімгер белгіленді.
Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамының жақсаруы да байқалып келеді. Мәселен, облыста 89,1 пайыз жоғары білімді мемлекеттік қызметші бар болса, оның 14 пайызының екі жоғары білімі бар. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен ғылым кандидаттары да еңбек етуде.
2017 жылы 1856 мемлекеттік қызметші біліктілікті арттыру бағдарламасы бо-йынша қайта даярлаудан өтті. 2016 жылға қарағанда, өткен жылы тағылымдамадан өткен мемлекеттік қызметшілердің саны екі есе артты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет лауазымдарына жұмысқа орналастыру конкурстық негізде жүзеге асырылады. Өткен жылдармен салыстырғанда конкурс нәтижесі бойынша тағайындалған мемлекеттік қызметшілер саны екі есе өсті. 2014-2015 жылдардағы конкурстардың нәтижелері бойынша 1233 адам, ал, соңғы екі жылда – 2397 адам мемлекеттік қызметке тағайындалды.
Сонымен қатар, жаңа ережелерді, бағдарламаларды және тестілеуді ұйымдастыруды енгізу шектеулі мөлшерден өткендердің санын арттырды. Өткен жылдың өзінде 4437 адам тестілеуден өтіп, оның ішінде «В» корпусының бос лауазымдарына 2360 адамнан өтініш түссе, оның 1228-і шекті мәнді иеленді. Осылайша өткен жылмен салыстырғанда нәтижелі тестілеуден өткен адамдардың саны 20 пайызға артып отыр.
Брифингте бүгінгі таңда облыста барлығы
5 929 мемлекеттік қызметші бар екені белгілі болды. Сондай-ақ, шара барысында қатысушылар өздері қойған бірқатар сұрақтарына жауап алды.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар