Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Өрлеудің» өрелі қадамдары - АРҚА АЖАРЫ

«Өрлеудің» өрелі қадамдары

Өмірде қарап отырсақ, адам баласының өмірі іспеттес әр мекеменің де тарихы болады.Сол мекемелердің де даму жолдары сан қилы. Кейбіреулерінікі қысқа болса, кейбір мекемелердің ғұмыры ұзақ болып, адам өмірімен біте қайнасып, тарихтың беттерінен ойып тұрып өз орындарын алады.

Тілге тиек болғалы отырған біздің оқу ордасы сонау елуінші жылдардың басында қазіргі Астана, бұрынғы Ақмола қаласында ең алғаш әдістемелік кабинет болып, одан әрі облыстық мұғалімдердің біліктіліктерін жетілдіру институты болып бастау алған болатын.
Бүгінгі таңда «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы филиалы болып отырған институт Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №232 қаулысымен қайта құрылды. Білім беру жүйесі басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институт пен 16 облыстық және Астана, Алматы қалалық біліктілікті арттыру институттары Ұлттық орталығының филиалдары ретінде бірыңғай жүйеден басқарылуда.
Осы аралықта «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқарма төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі Гүлнас Кенжетайқызы Ахметова көптеген зерделі жұмыстар атқарып, облыстағы филиалдардың материалдық-техникалық базаларының толығып, дамуын баса назарда ұстауда.
Аталған филиалдардың қатарында «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты да бүгінгі таңда алғашқы бес оқу орнының қатарында білім жолында аянбай қызмет көрсетуде. Облыстық филиалдардың мұғалімдердің біліктіліктерін көтерудің тұғырнамалық жүйесі қалыптастырылып, бұл бағытта жұмыстарымызды біраз алға жылжыттық.
Өрлеу» БАҰО АҚ басты қызметі – әлемдік және қазақстандық озық тәжірибені енгізу негізінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагог кадрлар біліктілігін жүйелі түрде арттырып отыру. Біздің қызметіміздің басты бағыттарының бірі педагогтар біліктілігін арттыратын әлемдік жетекші білім беру ұйымдарымен тығыз байланыс орнатуда болып отыр. Акционерлік қоғамның барлық филиалдарында біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі аясында Қазақстан Республикасында білім сапасын көтеруді қамтамасыз ететін білім берудің жаңа философиясы мен қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларын енгізу қолға алынуда.
Біздің оқу орнының басты бағыты – мемлекеттік саясатқа байланысты стратегиялық құжаттарға сай мұғалімдер біліктілігін көтеруде аталған бағытты жаңғырту. Бүгінгі қоғамға кәсіби дамыған, біліктілігі жоғары мамандардың керектігі баршаға мәлім. Ал, ұстаздардың біліктіліктерін қалыптастыруда мұғалімдердің кәсіби, құзыреттілік дамуы маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Осы тұрғыда біз көп жылдардан бері дәстүр болып қалыптасқан барлық іс-шараларды зерттей келе, тиесілісін қалдырып, заман талабына сай әдістермен толықтырып пайдаланудамыз. Мұғалімдердің ашық білімдік ортасын құру үшін, көптеген ізденісті жұмыстардың басын қайырдық. Бұл орайда, институттың материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі заман талабына сай қалыптасуда.
Қазақстанның білім жүйесі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық курсымен белгіленген кезең-кезеңмен жаңару үстінде екендігі белгілі. «Қазақстан-2050» Стратегиясы бағдарламалық құжаты негізінде бастау алған еліміздің жаңа саясатын жүзеге асыру біздің басты міндетіміз дегенде, Елбасының заман талабына сай білім саласына кадрлар даярлау және қайта даярлауға зор көңіл бөлгеніне назар аудару қажет. Осыған сәйкес мұғалімдердің білімдерін жетілдіру жүйесі бүгінде түбегейлі өзгеруде.
2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында да ХХІ ғасырдың ұстазы желілік технологияларды, интернет орталарды меңгеріп, кәсіби педагогикалық қызметтерінде осы жаңашылдықты пайдалана білгендері тиімді болатыны тектен-тек атап көрсетілмеген.
Бүгінгі мұғалімдердің заман талабына сай оқыту процесін дұрыс ұйымдастыра білгені жөн. Сондықтан да ұстаздардың өз білімдерін үзіліссіз жетілдіруі өмірдің сұранысы.
Курсқа жобаланған бағдарламаны жүзеге асыруда біз мұғалімдердің нағыз кәсіби маман болуларына барлық жағдайларды жасап, олардың өз істеріне сыни тұрғыда қарауларына ықпал етеміз.
Осыдан соң ұстаздардың өз-өздеріне сенімдері артып, шешімдер қабылдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншіліктері молаяды. Расында, жаңа формациядағы ұстаз бүгінгі оқытудың жаңа әдістемесін жете меңгеріп, оқушылардың психологиялық жағдайларын түсініп, олардың болашақтағы өмірлеріне білімімен, ақылы, өмірлік парасаттылығымен мықты тіреу және қорған болғандары абзал.
Осы тұрғыда бізде 2017 жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, жаңартылған орта білімнің мазмұнына байланысты 2365 ұстаз біліктіліктерін арттырып біздің қызметкерлермен үнемі қарым-қатынаста болып, алған білімдерін өз қызмет орындарында көрсетуде. Осыған қоса, жыл аяғына дейін тағы 450 ұстаздың білімдерін шыңдаймыз деген ойымыз бар. Қысқа мерзімдік курстарда да 434 ұстаз өз білімдерін арттырса, деңгейлік білім курсын 72 ұстаз аяқтап, қолдарына тиісті сертификаттар алды. Бұған «Жалпы адами құндылықтар» бағдарламасы бойынша «Өзін-өзі тану» курстарынан облыстың 72 ұстазы өткенін қоссақ, нәтиже жаман еместігіне көз жетеді.
Пәндерді ағылшын тіліне оқытуға қатысты облыс ұстаздарының 52-сі бізде өздері сабақ беретін пәндерін ағылшынша оқытудың алғашқы әдіс-тәсілдерін үйренгенін де айта кеткен артық емес. Мұнымен бірге, бүгінгі білімдегі ажырамас тағы бір ғылым – роботтық техниканың негіздері күннен-күнге қарқын алуда. Осы ғылымды меңгеріп, білімдерін оқушылардың бойына дарыту мақсатында облыстың әр өңірінен келген 120 ұстаз да біздің институтта аталған ғылымның қыр-сырын меңгеріп өз мектептеріне оралып, роботтық техникалардың негіздерін жас ұрпақтың санасына сіңіруде.
Осы бес жылдың аралығында біздің оқу орны өңір ұстаздарының біліктіліктерін арттыруда қыруар жұмыстар атқарды деп сеніммен айтуға болады. Оқытушыларымыз алыс, жақын мемлекеттерде тағылымдардан өтіп, білім көкжиегінде болып жатқан өзгерістерге қанық болды.Тренерлеріміз басқа облыстарға барып дәрістер оқып, өздерінің шығармашылық тәжірибелерімен бөлісті.
Жоғарыда айтқандай, материалдық-техникалық базамыз нығайып, республика көлемінде өткізілген барлық іс-шараларға қатысып, өз тарапымыздан да осындай әртүрлі деңгейлердегі іс-шаралар ұйымдастырып, мол тәжірибе жинақтап, көптеген шығармашылық жұмыстар атқардық және одан әрі атқарудамыз.
Бір сөзбен қорытқанда бірлігі жарасқан институт ұжымы осы бес жылдың игі жемістерімен қанаттана түсіп, білім жолында әлі де талай биік белестерді бағындыратынына нық сенімдемін.
Еркін ИСІМБАЕВ,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы»
АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар