Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Фин кәсіпкерлері бірлесіп жұмыс істеуге ынталы - АРҚА АЖАРЫ

Фин кәсіпкерлері бірлесіп жұмыс істеуге ынталы

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин облысымызға жұмыс сапарымен келген финляндиялық «UROS» компаниясының негізін қалаушы Юрки Халликайнен бастаған іскер топ мүшелерін қабылдап, өңірге инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастырды.

Кездесу негізінен танысу мақсатында өтті. Мәртебелі меймандар арасында «UROS» компаниясының атқарушы директоры Джерри Раатикайнен, PISARA компаниясының атқарушы директоры Сакари Лайтинен және «Kaukointernational Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас атқарушы директоры Владимир Олещенко бар.
Юрки Халликайнен мырзаның айтуына қарағанда, 2011 жылы негізі қаланған «UROS» компаниясы мобильді бизнесте сымсыз технологияны пайдаланумен танымал. Германия, Қытай, АҚШ, Швейцария сияқты әлемнің көптеген елдерінде филиалдары жұмыс істейді. Компания мобильді бизнес қана емес, сонымен қатар, табиғи ресурстарды тиімді қолдану, энергия үнемдейтін технологиялар, қоршаған ортаға келтірілетін зиян мөлшерін барынша азайту, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, су, энергия жүйесін цифрландыру және қазіргі заманғы технология бойынша тұрғын үй салуды да жүзеге асырады.
− Біздің компания осы экологиялық, инновациялық қозғалыстың алдыңғы шебінде деп қуанышпен айта аламыз. Біздің бүгінгі сапарымыздың негізгі мақсаты екіжақты қарым-қатынасты нығайтып, облыстарыңызда өзіміздің инновациялық жобаларымызды жүзеге асыру және туризм саласының дамуына оң ықпал ету, − деді Юрки Халликайнен.
Осы орайда, облыс әкімі аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, Финляндия сияқты алдыңғы қатарлы мемлекеттің инновациялық жобаларды жүзеге асырумен айналысатын компанияларымен қарым-қатынасты нығайтып, одан әрі жұмыс істеу ниетін жеткізді..
− Астаналық облыс болған соң біздерді көліктік технология қызықтырады. Сонымен қатар, кәріз, су жүйесін цифрландыру жобасы да маңызды. Облысымызда ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп саласында ғана емес, құрылыс саласында қазіргі заманғы технологияны енгізу жоспарда бар. Туризмді де дамытуға көңіл бөліп отырмыз. Жалпы, облыс инвесторлар үшін ашық,− деді Мәлік Мырзалин.
Өз кезегінде Юрки Халликайнен мырза да жылы қарсы алған аймақ басшысына алғысын білдіріп, екіжақты әріптестік қатынасты дамытуға әзір екендіктерін жеткізді.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар