Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дауларды сотқа дейінгі реттеу жөніндегі қанатқақты жоба - АРҚА АЖАРЫ

Дауларды сотқа дейінгі реттеу жөніндегі қанатқақты жоба

2017 жылғы 26 қаңтарда ҚР Жоғарғы Соты төрағасының өкімімен даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша қанатқақты жобаны іске асыру туралы ереже бекітілген еді. Бұл жоба кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарында, азаматтық істерді қарайтын аудандық және оларға теңестірілген соттарда, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда 2017 жылдың шілде айынан бастап іске асырылу жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта аталмыш өкімге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, соған байланыс-ты оны іске асыру мерзімі 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.
Қанатқақты жобаның мақсаты – даулардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу. Жобаның міндеттері: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту; азаматтардың сот шығындарын барынша азайту; халықтың соттан тыс дауды реттеу мүдделігін анықтау болып табылады.
Медиация арқылы қаралып, шешілетін даулардың санаттары біршама кеңейтіліп отыр. Ендігі арада баланың мүдделеріне орай мына санаттағы істер медиация тәртібімен шешіледі: баланың тұрғылықты жерін анықтау, ата-ананың баламен араласу тәртібін анықтау, баланы басқа адамдардан еріксіз алу тәртібі, білім жүйесінде: жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінің күндізгі оқу нысаны бойынша 21 жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларды асырап алуға қатысты алимент өндіру жайы. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 159-бабының 1 тармағымен міндетті түрде сотқа дейінгі келісім комиссиясына жүгіну тәртібі көзделмеген еңбек даулары, мұрагерлік, көршілердің арасындағы жер телімі шекараларын анықтау, үйлерді су басқандығы туралы, некеден шығу, кондоминиумды басқару мәселелері бойынша, некені бұзу және мүлікті бөлу, қарыз келісім-шарттары, сақтандыру, мүлікке меншік құқығы, тауар жеткізілімінің, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, корпоративтік даулар, медициналық қызмет көрсетуге байланысты даулар да медиация тәртібімен реттеледі.
Медиацияны тараптардың келісімі бойынша сотта судья, не татуластыру рәсімдерін жүзеге асыратын медиатор жүргізеді. Медиацияны жүргізу тәртібі ҚР Азаматтық процессуалдық кодексінің, «Медиация туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес өткізіледі. Қанатқақты жоба ережесіне сай, тараптар өз ұстанымдарын жазбаша түрде білдіре отырып, 5 күннің ішінде сотқа ұсынады. Жобаға қатысудан бас тартқан жағдайда тараптар бұл туралы жазбаша өтініштерін сотқа жолдайды. Азаматтық процессуалдық кодексінің 272-бабының 7 тармағына сай, тараптар медиатормен шарт жасасып, ол сотқа ұсынылған жағдайда, іс жүргізу 10 күн мерзімге тоқтатыла тұрады. Тараптар медиацияны судья өткізетіндігі туралы өтінішхатты бергеннен кейін медиация 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Судья дауды медиация тәртібімен жүргізуді тоқтату туралы келісімді Азаматтық процессуалдық кодекстің 272-бабының 3 бөлігіне сай бекітіп, мемлекеттік баж салығын қайтару қажеттігін көрсетеді.
Жаңа жобаның қарапайым азаматтар үшін оңтайлылығы сонда, даулы істерді сотқа жеткізбей медиация арқылы екі тарап өзара келісу негізінде шешулеріне мүмкіндік жан-жақты қарастырылған. Жобада медиация тәртібімен қаралатын істер ауқымы едәуір кеңейіп, ендігі уақытта азаматтар күнделікті өмірде кездесіп жататын көптеген дау-жанжалдарды соттан тыс медиаторлардың көмегіне жүгіну арқылы шешуіне мүмкіндік алып отыр.

Роза ЕРТАЕВА,
облыстық соттың судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар