Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңір тынысы - АРҚА АЖАРЫ

Өңір тынысы

Астрахан. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астрахан аудандық орталық кітапханасында «Ауыл тарихы жаңғыруда» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. Шараға ауыл ақсақалдары В.Удовиченко, Е.Тұржанов, Г.Савина, Я.Удовиченко, И.Михель және жергілікті №2 орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Мәжіліске қатысушылар назарына ауылдың іргетасы қаланғаннан бергі маңызды деректер ұсынылды. Слайд материалдарында алғашқы қоныстанушылар, жаппай коллективтендіру, Ұлы Отан соғысындағы жеңіс шежірелері, тың көтеру науқаны және ажарлы Астраханканың бүгінгі тыныс-тіршілігі көрініс тапты.
Ұрпақтар жарастығын жалғастырушылар тарих беттерін парақтай отырып, ауылдың көркеюіне елеулі үлес қосқан жерлестерін еске алды. Кездесуді жүргізуші Любовь Халанская шараға қатысушылардың естеліктері, олар сақтап отырған жәдігерлер мектеп музейінің төрінен орын алатындығын айтып, уақыт бөліп келген қарияларға алғысын білдірді.

Целиноград. Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Тәткеев Қосшы ауылының ақсақалдарымен кездесті. Ол жиналғандар алдында 2017 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алда тұрған міндеттер туралы әңгімелеп, Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауындағы 10 міндеттің басым бағыттары жайлы айтып берді.

Қосшы ауылы Астанаға серіктес дамып келе жатқан, болашағы зор елді мекен. Мұнда 40 мыңға жуық адам тұрады. Бұл былтырғы деректен 3,5 есе көп. Мемлекет пен облыс басшылығының көмегімен ауылда жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, коммуникациялық жабдықтаудың кешенді жұмыстары жалғасын табуда.
Аудан әкімі кездесуге қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар ауылды дамытудың үлгі жоспарына, пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына, қызмет
көрсетуші ұйымдардың іс-қимылдарына, жер қатынастары мәселесіне қызығушылық білдіретіні байқалды.
Кездесуде Қосшы ауылының ақсақалдар кеңесін құру туралы шешім қабылданды.

Шортанды. Биыл Шортанды кентінде пластик шөлмектерді өңдейтін шағын цех ашу жоспарланып отыр.

Бұған аудан орталығында «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған қуаттылығы жылына 1500 тонна полиэтилен қалталар шығаратын зауыт мұрындық болып отыр. Жыл сайын 800 тонна өнім өндіретін кәсіпорын қалдықсыз өндіріс принципімен жұмыс істейді. Бүгінде шағын зауытта 30-дан астам адам еңбек етіп жүр. Қазір кәсіпорында пластик қалдықтарын қайта өңдеу цехын іске қосу бойынша жан-жақты зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Бүгінгі күні біздегі басты мәселе қоқыс тазарту. Қазір осы өндіріске қажетті қондырғы сатып алу жағы қарастырылып жатыр. Жоспар жүзеге асып жатса, пластик қалдықтарын ғана емес, далада шашылып жатқан полиэтилен қалталарын да қайта өңдеуге болады, – дейді аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жетекшісі Татьяна Сытник.
Сонымен қатар, аудан орталығында теміржол инфрақұрылымына байланысқан индустриалды аймақты құру жұмысы қарқын алуда. Ол үшін теміржолға жақын орналасқан бос жатқан жерлерді игеріп, оған түрлі кәсіпорындарды құру жұмысы жүргізілуде.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар