Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түске сенуге бола ма? - АРҚА АЖАРЫ

Түске сенуге бола ма?

Материалистік түсінікті санасына сіңірген адамдар түске сенбейді және оны мидың қызметімен байланыстырады. Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда Жүсіп пайғамбардың түс жорушылығы туралы сүре бар. Египет пірғауынының көрген түсін жорып берген Жүсіп пайғамбардың айтқандарының бәрі айнымай келеді. Осыған қарап, дәстүрлі дінде түстің Алладан берілетін ақиқат екендігін аңғаруға болады.

Түсті дұрыс жори білген жөн

Адамдардың көбі түс көреді. Мүлдем түс көрмейтін жандар да бар. Дегенмен, түстің бәрін бірдей болашақты болжау, алдағы өмір жолыңнан берілген Жаратқанның белгісі деп қабылдаған жөн емес. Жәй түстер және Жаратқан тарапынан берілген аян түріндегі көріпкелдік түстер болады. Бұлардың арасын айырып, дұрыс түсіну және түсті шынайы жору арқылы өмір жолыңды өзгертіп, өз бақытыңды табуыңа мүмкіндік ашасың.
Түс үш күн бойы балқыған темір сияқты жұмсақ жағдайда болады екен. Осы кезеңде түсті қалай жорыса, болашақ өмір жолың соған қарай бағытталмақ. Яғни, түс жорудың мәні зор екенін осыдан бағамдауға болады.
Мынадай аңыз әңгіме бар. Бірде аяғы ауыр келіншек түсінде екі қасқырдың екі емшегін еміп жатқанын көріпті. Соны құрбысына айтқанда «е, сені өңіңде де екі қасқыр төсіңді емеді екен» дейді қалжыңқой құрбысы мынаны естігенде. Құрбысының бұл сөзін көңіліне алып қалған келіншек, бірақ сыр бермейді.
Содан бірде ол көрші ауылға тойға барады. Тойдың аяғын күтпей басқа ауылдастарына қарамай ауылына қайтпақ болады. Аяғы ауыр келіншек бөтен ауылда емес, өз ауылында босанғысы келген болар, бәлкім. Сөйтіп, ол жолға шығады. Ауыл арасы онша алыс болмаса керек. Дегенмен, келіншек ақырын аяңмен жүргенде кеш батқанын сезбей қалады. Содан көңіліне қорқыныш кірген ол ауылға тезірек жетуге асығады.
Кеш түсе оның соңынан екі қасқыр түседі. Алғашында келіншектің айбатынан қаймыққан олар қараңғы түскен сайын батылданып жақындай береді. Содан бір кезде біреуі арс етіп келіншекті алқымнан ала кетеді. Жандәрмен қасқырдың мойнынан ұстаған әйелдің әлжуаз қолы тегеурін көрсете алмайды. Әп-сәтте екі қасқыр келіншекті жарып тастап, баласын да, өзін де жейді.
Ауылдастары ертеңіне әйелдің сүйегін ғана табады. Кейін болған оқиғаны естіген сол ауылдың қариясы «Әттеген-ай, түсін дұрыс жорымағандықтан болған екен. Түсінде екі қасқырдың екі емшегін емгені қасқыр сияқты батыл екі ұл туатынын білдіргендігі. Оны қалжыңқой құрбысы теріс жорып, соның кесірінен мынадай бақытсыздыққа ұрыныпты» деп бармақ тістепті дейді. Сондықтан, түсті қазақтар қалжыңдасатын замандастарына, басқа да қатарластарына ешқашан жорытпаған. Оны аузы дуалы ауылдың қариясына ғана жорытатын болған.

Көріпкелдік түстер

Мен ол кезде Алматыда «Қазақстан мектебі» жорналында қызмет етіп жүрген едім. Түскі үзіліс кезінде асханадан тамақ ішіп алған соң, жұмыс бөлмемде ептеп мызғып алатыным бар-ды. Орындықтарды қатар қойып, сонда жатқанмын. Көзім ілініп кетіпті. Содан өң мен түстің арасындағыдай бір көріністі көрдім.
Вокзалдан шығып келеді екенмін. Дауысзорайтқыш арқылы бірдеңе хабарланып жатыр. Перронда бір пойыз ақырын жүріп барады. Соған қарап тұрған мен «япырым-ау, қалып қойдым ғой» деп өкініп дауыстап жіберіппін. Дегенмен, бұл түске онша мән бергенім жоқ. Бірақ, көп ұзамай сол түсім айнымай келді.
Жаңа жылда Торғайда тұратын бір жолдасым мерекеде бізге кел деп қолқа салды. Көңілін қимай баруға келістім. Бірақ, дәл жаңа жыл қарсаңында пойызға билет болар дейсің бе деген екіұшты оймен вокзалға келгенмін. Шынында да билет жоқ екен. Адамдар касса алдында топырлап тұр. Күдерімді үзген мен «қой, үйге қайтайын» деп ойлап бұрыла бергенмін. Сол сәт шетте тұрған біреу маған «Целиноградқа барамын дедіңіз бе, бір билет бар дейді» дегені.
Соны естіп, топырлаған адамдардың арасымен кассаға қарай жылжыдым. Шынында да бір билет бар екен. Бәлкім біреу өткізген болар немесе иесі келмеген шығар, әйтеуір бір билет қалыпты. Билет бола ма деген дәмемен кезек күтіп текке тұрғандар мені кассаға өткізді. Содан еш қиналмай билетімді алып сыртқа шықтым. Сол сәт вокзал алдында бір танысымды жолықтыра кеттім. Әлгімен әңгімелесіп тұрғанымда дауысзорайтқыштан бірдеңені хабарлап жатты.
Оны шала ұққан мен танысымнан «не деді, мынау пойыз қайда барады?» дегенімде «Алматы-Петропавл» деді ғой деймін» деді ол. Бұл кезде перронда тұрған пойыз ақырын қозғалып, содан жүрісін жылдамдата түскен. «Қап, менің пойызым ғой, қалып қойдым-ау» дедім өкініп. Бәрі де дәл түсімде көргендегідей болып шықты.
Сол кезде әлгі танысым «қалған жоқсың, қазір такси ұста да бірінші Алматыға тарт, қуып жетесің» деді. Оның айтқанын істеп, таксимен бірінші Алматының вокзалына жеткенімде менің пойызым перронға келіп тоқтап жатыр екен. Содан үлгеріп, пойызға мініп кеттім. Ал, енді осы түстің «өмір жолымды өзгертуге қандай ықпалы болды?» – дейсіз ғой. Үлкен ықпалы болды.
Мен сол жолы Торғайдағы жолдасымның үйінен қайтып келе жатып Целиноградта облыстық газеттің редакциясына соқтым. Редакторы кетерде менен телефоныңды беріп кет деп сұрады. Содан арада бірнеше ай өткенде Атбасардан аудан әкімінің орынбасары маған телефон шалып, жаңадан ашылып жатқан қазақ тіліндегі газетке редактор болып келуге қолқа салды. Телефонымды ол облыстық газеттің редакторынан алыпты. Алматыда үй жоқ, күй жоқ қиындық көріп жүрген мен пәтер береміз, жағдай жасаймыз деген соң Атбасарға баруға келістім. Осылайша әлгі түс менің болашақ өмір жолымның өзгеруіне берілген белгі болып шықты.
Мен өмірімде сондай бірнеше түстер көрдім. Бәрі де өмір жолымның өзгеруіне ықпалын тигізді. Рас, алғашында ол түстерді жорып, дұрыс түсіне алған жоқпын. Бәрін болары болып, бояуы сіңген соң ғана түсініп, «е, осылай екен ғой» дейтінмін. Мұндай түстер әр адамның басында болады. Тек соны дұрыс түсініп, дұрыс жори білген жөн.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар