Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақ қызы! Біз кімге еліктеп жүрміз? - АРҚА АЖАРЫ

Қазақ қызы! Біз кімге еліктеп жүрміз?

Бүгінгі күннің ащы шындығы – заман ағымы деген желеумен бұзылып бара жатқан қазақтың «қырық үйден тыйым» көрмей өсіп келе жатқан бойжеткендері. Көпке топырақ шашпайын, бірақ ащы болса да шындық осы. Кімге еліктейміз? Қандай тәрбие алып жатырмыз?

«Қазақ қызы!». Қандай қастерлі сөз.
Ертеде ер азаматпен қатар жауға қарсы найза ұстап шыққан, үйде ошақтың берекесі, батырлардың анасы атанған қазақтың қыздары еді. Парсы патшасына қарсы тұрып, басын алған батыр Томирис, даналығымен аты аңызға айналған Айша бибі, хандарға ақылшы болған Айғаным ханым, фашистерге қарсы қан майданда жанқияр ерлік көрсеткен қаһарман қыздарымыз Әлия мен Мәншүк, желтоқсанда ұлтым деп ұрандаған Ләззат пен Сәбира… Ұлтымыздың атын аспандатқан осындай аруларымыз қашанда аз болмаған. Олардың бәрі «қазақ қызы» деген асыл атты ардақ тұтып, айналасындағыларға да мойындатқан аруларымыз еді.
«Қазіргі қазақ қызы қандай? Болашаққа не алып барады?» деген сұрақтар шыны керек мені қатты мазалайды. Қыз Жібек пен Баян Сұлудай қазақтың бұрымды, сұлу, сымбатты аруларын енді тек ертегі, жырлардан ғана оқитын болдық па?
Қазіргі қазақ қызының бейнесі қандай дегенде, түнгі клубтың айнасы, би алаңының жұлдызы, шойқы етік, жалаңаш төс, елтең-селтең, қалтаң-құлтаң, ақшаға сатылған, арақ ішіп, темекі тартатын, ол аз десеңіз мас болып бірінің шашын бірі тартып төбелесіп жататын желөкпелер келеді көз алдыңызға. Бұның бәрі шынайы дүние. Шыны керек өте жиіркенішті. Ау, атадан қанға сіңген тектілігіміз қайда? «Қазақ қызы» деген атқа, ұлтына, дініне, тәрбиесіне кір келтіретін қыздар қайдан шығып жатыр? Қаншалықты заман ағымы, жаңа ғасыр талабы деп желеулеткенімізбен, ұлттық дәстүрі мен атадан қалған ұлағатын сақтап отырған ұлттар да бар ғой. Неге біздің қыздар сондай ұлттық дәстүрін сақтаған қыздарға емес, құрдымға құлап, өздері құлағанымен қоймай, басқаларды да соған азғырып жатқан Батыстың лас әдеттерін бойларына сіңіреді?
Қазақ қыздары! Сендер қазақ ұлтының болашағын қолдарыңда ұстап тұрсыңдар. Сендер бір қолыңмен бесікті, бір қолыңмен әлемді тербететін құдіреттің иесісіңдер. Мақаламды еліміздің ертеңін ойлаған ақын Ғафу Қайырбеков ағамыздың мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келіп отыр.
Орал сен, қазақ қызы, сол қалпыңа,
Ошаққа, босағаға болған тұлға.
Қашанда ерге серік, ерге қуат,
Орал сен, орда құты – сол қалпыңа.

Мәдина БЕЙСЕМБАЕВА,
Қоянды орта мектебінің 11 «Ә» сынып оқушысы.
Целиноград ауданы.

Редакциядан: Қояндылық мектеп оқушысы Мәдина Бейсембаева бүгінгі күні барша қазақ қоғамын толғандырып отырған өзекті бір мәселені қозғап отыр. Ұлтымыздың ертеңгі ұрпағын дүниеге әкелер қазақ қыздарының бойына ұлттық сананы қалай сіңіреміз? Жалпы, қыз балаға, соның ішінде бүгінгі ұрпағымызға дұрыс тәрбие беріп жүрміз бе? Және де қыздарымыз арлы, ұлдарымыз намысты болуы үшін не істеуге тиістіміз? Сіз не ойлайсыз, оқырман?!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар