Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі - АРҚА АЖАРЫ

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі

Әдепті болу! Әдеп – қалыптасқан ұлттық мәдениеттің белгісі. Игі әдеттен әдет-ғұрып қалыптасып, одан әдеп пайда болады. «Әдеппен сөйлеп әдеттен» деп халық сөйлеу мәдениетін талап етеді.

«Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала» деп халық әдепсіздікті қатты сынайды. «Көп сөйлеп созбайын, әдептен озбайын» деп Абай дана көп сөйлеудің өзі әдепсіздік екенін ашық айтады. Мінез әдебі, жүріс-тұрыс әдебі, өнер әдебі, іс-әрекет әдебі, шығармашылық әдеп ұлттық тұлғаның ішкі және сыртқы мәдениетін көрсетеді. Жалпы, ұлттық әдеп ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени құндылық болып табылады. Әдепті болу, яғни, мәдениетті болу әрбір тұлғаның ұлттық борышы.
Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі. Әркім өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді де еңбекқор, болашақта үлгілі әке мен ана, яки бақытты ата мен әже ретінде көргісі келеді. Сол себепті, әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі болатындай жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен келеді. Міне, ана есіміне кір келтірмейтін, мақтанышы боламын деген қыз баланың ойында әрдайым анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет.
«Әдемі қыз көзіңе жақын, әдепті қыз көңіліңе жақын» демекші, қазақ халқы қызды кішкентай кезінен бастап тәрбиелеуге ерекше назар аударған. Қызға қырық үйден тыйым деген бар. Осындай тыйымдармен таныстыру мақсатында Игілік орта мектебінің тәрбие ісінің меңгерушісі, үлгі тұтар ұстазымыз Сәлима Маймышева 7-11 сынып қыздарына арналған «Әдеп пен әдет» деген дөңгелек үстел өткізді. Бұл дөңгелек үстелде қазақ қызына тән қасиеттерді, сәлемдесу әдебін қарастырдық. Дөңгелек үстел өте қызықты өтті. Әр оқушы жеке көзқарасын айтып, жұмылған жұдырықтай белсене қатысты. Тіпті, ұстаздарымыздың өздері бұл өмірден түйген ақыл-кеңесімен бөлісе отырды. Ең соңында ұстазымыз Сәлима Қазиқызы әр сыныпқа «Қызға қырық үйден тыйым» атты кітапша таратты. Осындай тәлім-тәрбиеге толы іс-шара өткізген ұстазыма көп рахмет айта отырып, шығармашылық табыс, отбасына бақыт тілеймін.

Гүлжан УӘЛИЕВА,
Игілік орта мектебінің
11-сынып оқушысы.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар