Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өңір өмірі - АРҚА АЖАРЫ

Өңір өмірі

Зеренді

Зеренді ауданындағы «Аврора гарден» демалыс орталығында мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Баян Жанғаловты еске алуға арналған кездесу өтті. Тәлімді шара еңбек ардагері Мұхит Қабдешевтің «Ағын судың тұнығы еді» кітабының тұсаукесерімен ашылды.

Кітапта облыстағы бірнеше ауданды басқарған соғыс және еңбек ардагерінің ғасырға жуық өміріндегі тағлым бұрмалары кестеленген. Мұнда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімовтің, халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің, Көкшетау обкомының бұрынғы бірінші хатшысы, Кеңес Одағының Батыры А.Клещевтің, Социалистік Еңбек Ері Федор Моргунның және басқа да айтулы азаматтардың марқұм жайлы толғанысты естеліктері басылған.
Кездесуде облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Қиықов, Социалистік Еңбек Ері С.Жұмағалиев, «Викторовский» ЖШС директоры В.Андрюхин, республикалық «Қазақстан барысы» қорының төрағасы А.Шораев және Баян Жанғаловтың ұрпақтары сөз сөйледі. Шара соңында аудан әкімі Мереке Мұстафин Б.Жанғаловтың жұбайы Нағима апайға Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған мерекелік медальді, ұлы Мұратбекке Жанғаловтар әулетінің ұлы тұлғасы Қанай бидің фарфор бюстін сыйлады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Сандықтау

«Каменка және Д» серіктестігінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Алексей Джейранов өз қаржысы есебінен Васильевка селолық фельдшерлік-акушерлік пунктіне жаңа «Жедел жәрдем» автокөлігін сатып әперді.

Жаңа «УАЗ» автокөлігін ФАП-қа аудан әкімі Асылбек Исмағамбетов табыс етті. Ол бұл ауданда кәсіпкерлердің сыйға тартқан осындай екінші автокөлігі екенін, мұндай жақсы дәстүр алда да жалғаса беретінін атап өтті. Енді селода медициналық көмек көрсету сапасы жақсара түсіп, сырқат адамдар ауруханаға керегінде жедел түрде жеткізілетін болады. Бұл басы ауырып, балтыры сыздағандарға және дәрігерлерге өте қолайлы болмақ. Осында қырық жыл еңбек еткен фельдшер Людмила Ватагина селода «Жедел жәрдем» автокөлігі тұңғыш рет пайда болғанын айтады. Сондықтан, бұл барлық тұрғындар үшін нағыз тосын сый болған көрінеді. Тұрғындар демеушілік көрсеткен Алексей Джейрановқа алғыс білдіріп, ризашылықтарын жеткізді.

Рамазан ТІЛЕУОВ.

Есіл

Есіл қаласындағы №7 агротехникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. Орта буынды ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын оқу орнында жастарға отансүйгіштік тәрбие беруге жете көңіл бөлінеді.

Осы орайда, жаңа кабинеттің тигізер ықпалы зор болады деген үміт бар. Колледж директоры Достанбек Есжанов оқу орнындағы бұл айтулы оқиғаның Есіл қаласының құрылуының 55 жылдығы шеңберінде жасалған игі іс екендігін айтып, Елбасы мақаласында көтерілген келелі мәселелерді жүзеге асыруға «Рухани жаңғыру» кабинетінің тигізер ықпалы аз болмайтынын атап өтті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серғали Үсіпов пен әділет саласының құрметті қызметкері Қымбат Әбдіуахитова да жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді. Биылғы жылы оқу орны үшін тағы бір есте қалар оқиға – колледждің құрылғанына 60 жыл толып отыр. Жарты ғасырдан астам уақыт жастарға кәсіби мамандық берумен айналысып келе жатқан оқу орны заман талабына сай алдағы уақытта да жас ұрпаққа білім беруде жемісті жұмысын жалғастыратын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград

Елордамыздың азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету Ақмола облысына жүктелген абыройлы міндет саналады. Бұл бағытта 10,9 миллиард теңгенің 12 инвестициялық жобасы жүзеге асырылды.

Әсіресе, өткен жылдың қараша айында Астана қаласында «AQMOL» тауарлық жүйесін құру бойынша жобаның игілікке берілуі жергілікті тауар өндірушілеріне бәсекелестік бағаларымен әрі делдалсыз бас қала нарығына шығуға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда астаналықтарға 3 дүкен қызмет көрсетіп жатса, биылғы мерекелі жылы сауда нүктелерінің жүйесін 10-ға жеткізу жоспарлануда.
Қазіргі күні агломерациялық аймаққа енетін Целиноград ауданы мерекелік шаралар аясындағы кең тармақты қызметін бастап та кетті. Соның бір айғағы ретінде шағын және орта бизнес өкілдерінің белсенділік танытып отырғанын айтуымызға болады. Мәселен, жуырда «Фермерлік өнім» ауыл шаруашылығы кооперативі аудан әкімдігінің қолдауымен өңірдегі фермерлік шаруашылықтар өндірген өнімдерді Астана қаласында саудалау мақсатында «Купава» сауда тіркемелерін сатып алды.
Бұл көлік тіркемелері тоңазытқышпен және басқа жедел әрі тиімді сауданы қамтамасыз ететін қажетті заттармен жабдықталған. Астана қаласындағы Есіл аудандық әкімдігімен ауданда өндірілген өнімдерді саудаға шығару алаңдары белгіленді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар