Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай ауданында пилоттық халық санағы өтеді - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай ауданында пилоттық халық санағы өтеді

2016 жылғы 16 қыркүйектегі Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері басшылары кеңесінің шешімінің негізінде, ТМД елдерінде (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы) 2020 жылға қарай кезекті халық санағын өткізу жоспарланған болатын.

Осыған орай, еліміздің барлық аумақтарында 2019 жылғы қараша айында Ұлттық халық санағы өткізіледі. Халық санағы – жеке аумақты немесе елдің әрбір тұрғынын бір уақыт сәтінде сипаттайтын демографиялық, экономикалық және әлеуметтік деректерді жинау үдерісі.
Елімізде халық санағын өткізу алдында үлкен дайындық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық жұмыстар жүргізіледі деп күтілуде. Санақ құжаттамасын сынау, өткізуді және қорытынды деректерді өңдеу технологиясын саралау, интернет желісі және портативтік есептеу құрылғылары (планшеттер) арқылы мәліметтерді жинау тәсілдерін тестілеу мақсатында пилоттық халық санағы өткізіледі.
Ақмола облысында пилоттық аймақ ретінде Бурабай ауданы белгіленген. Пилоттық халық санағы 2018 жылғы сәуірдің 1-інен 30-ына дейін өткізілетін болады.
1 кезеңде – интервьюерлер (тіркеушілер) елді мекендердің тұрғын және тұрғын емес азаматтарының тізімдерін құрады. Тізімдер санақ кезінде халықты есепке алудың толықтығын белгілеу үшін бақылаулық құжат болып саналады. Тіркеушілер жұмысының кезеңі – 2018 жылғы наурыз айы деп белгіленген.
2 кезеңде – интервьюерлер (санақшылар) халық және олардың тұрғын үй жағдайлары туралы мәліметтерді жинайды. Бұл жұмыс 2018 жылғы сәуірдің 1-інен 30-ына дейін жүргізіледі.
Алдағы халық санағының негізгі айырмашылығы – интернет көмегімен онлайн режимінде және портативтік есептеу құрылғылары (планшеттер) арқылы сұрастыру тәсілімен өздігімен толтыру әдісі бойынша жүргізіледі.
Пилоттық халық санағы 2018 жылғы сәуірдің 1-інен 10-ына дейін интернет байланысы арқылы өткізілетін болады.
Бурабай ауданының барлық тұрғындары интернет байланысы арқылы онлайн режимінде интернет желісіне қосылған компьютер көмегімен саналады. Интернет сұрастыруға кіру www.sanaq.qov.kz сайты арқылы іске асырылады. Респондент ЖСН, куәлік нөмірін, ұялы телефон нөмірін енгізу жолымен тіркеледі.
Телефон нөмірі енгізілгеннен кейін респондент ұялы телефон нөміріне коды жазылған SMS-хабарлама алады және санақ бланктерін толтыра алады.
Интернет байланысы арқылы қандай болса да себептермен санақтан өтуге үлгермеген адамдар сәуірдің 11-інен 30-ына дейін интервьюерлермен үй шаруашылықтарын жаппай аралау кезінде портативтік есептеу құрылғылары (планшеттер) арқылы сұрастырылатын болады.
Пилоттық халық санағын өткізуге қатысатын интервьюерлерді статистика органдары алдын ала оқытады.
2018 жылдың 26-28 наурызы аралығында интервьюерлерді оқытуға арналған Ақмола облысының Бурабай ауданындағы пилоттық халық санағының дайындық кезеңі семинары өткізіледі.
Халық санағының қорытындылары мемлекетіміз үшін өте маңызды. Бұл деректер халықтың тұрмыстық жағдайларын жақсарту үшін маңызды әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды қабылдауға пайдаланылады.
Мемлекет халықты алдағы пилоттық халық санағына түсінікпен қарауға және белсене қатысуға шақырады.

Облыстық статистика департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар