Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көп салалы тарихи шығарма - АРҚА АЖАРЫ

Көп салалы тарихи шығарма

Өткен жылдың соңында қазақстандықтар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» еңбегімен танысқан болатын.

«Елбасымыздың жүрек төріндегі толғаныстарынан шыққан бұл кітапты бәріміздің қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасының негізін қалаған Тұңғыш Президентіміздің өз қолымен жазылған Тәуелсіздік энциклопедиясы деп атауға толық негіз бар», – дейді мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Алғаш рет кітаптың электрондық нұсқасын Ақорда сайтынан оқыдым. Шынымен, еңбек ауызды толтырып айтатын, мағынасы салмақты, көп салалы тарихи шығарма. Елбасының бұл шығармасы қалың жұртшылыққа арналған. Жастарға да өте қажет еңбек.
26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі елдің тұрақтылығы мен дамуына байланысты қабылданған шешімдердің мәні мен тетіктері толық баяндалған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кең көлемде көрсетілген. Мазмұны бойынша ауқымды еңбек 4 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім – «Мемлекетіміздің дүниеге келуі. Қазақстанның бірінші жаңғыруы» (1991-1995 жылдар), екінші бөлім – «Ұлы бетбұрыс. Қазақстанның екінші жаңғыруының басталуы» (1996-1999 жылдар), үшінші бөлім – «Қияға құлаш сермеу. Қазақстанның екінші жаңғыруы» (2000-2010 жылдар), төртінші бөлім – «Қалыптасқан мемлекет. Қазақстанның үшінші жаңғыруы» (2010-шы жылдар).
«Тәуелсіздік дәуірі» кітабында тәуелсіздік жолындағы қазақ елінің өткен қиындықтары және оны жеңу жолдары баяндалған. Сондай-ақ, еліміздің сыртқы, ішкі саясаты, әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуы қамтылған ақпараттық толық анықтама деуге болады.
Шығарманың бір ерекшелігі мен маңызы авторының Елбасымыздың болуында. Мемлекет басшысы өз еңбегінде жазылған әрбір бастаманың қатысушысы, ұсыныс жасаушысы және орындаушысы ретінде көрінеді. Кітапты оқып отырып өткенді білесің, болашаққа бағдардың айқын екенін ұққандай, жаңғыруға бойлағандай сезімге бөленесің. Яғни, бұл шығарма бүкіл дүние жүзінің жаһандану кезеңінде Қазақстанның жаңа тарихы деп айтуға лайықты дүние.
Елбасымыздың еңбегімен танысу жұмыстары әрі жалғасуда. Бұл үшін 2018 жылға арналған іс-шаралар тізімі дайындалды және ол оқырмандардың кең ауқымын қамтитын болады.
Алтыншаш КУБЖЕТЕРОВА.

Егіндікөл ауылы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар