Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Іскер жас – ел болашағы - АРҚА АЖАРЫ

Іскер жас – ел болашағы

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аталатын Жолдауын мұқият оқи отырып, Мемлекет басшысының «Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек» деген міндетіне айрықша көңіл бөлдім. Мұндайда «өз қатарымыздан мұндай шаруаны атқаруға қабілетті жандар бар ма?» деген сұрақ туындайтыны анық. Жерлестерімнің арасында бұлар аз емес. Солардың бірі – Дархан Ыбыраев.

Ерейментаудағы агротехникалық колледждің жас ұстазы Д.Ыбыраев Жолдаудағы басым міндеттердің бірі – «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын» жүзеге асыруға жан-жақты дайындығы бар маман деуге болады. Ол жергілікті орта мектепті бітірісімен Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне түсіп, «көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығын алып шыққан. Жолдамамен үш жыл осындағы автомобиль жөндеу зауытында инженер-конструктор қызметін атқарған талапты жас 2016 жылы колледжге өндірістік оқыту шеберлігіне шақырылды. Қазіргі күні Дарханның тобындағы 24 оқушы «Автокөлікке техникалық көмек көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша дәріс алуда.
Дархан Ыбыраев ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы жолдамасымен жуырда Финляндияның Валкеакоски қаласындағы тәжірибелік сабақтарға қатысып келді.
– Бұл елде менімен бірге қазақстандық кәсіптік білім саласының 45 өкілі болды, – дейді ол бізбен әңгімесінде. Валкеакоски университетінде заманауи менеджмент пен көшбасшылық әдістерін меңгеру әдістерімен таныстық. Сабақтың басым бөлігі ағылшын тілінде жүргізілді. Мұнда ІТ технологиясы, интернетке қолжетімділік жақсы дамыған екен. Біз осы тағылымдарды өзімізде қолдануға тырысатын боламыз. Сондай-ақ, Финляндияда оқып жүрген
қазақ жастарының университетті тезірек бітіріп, еліміздегі іргелі өзгерістерге үлес қосқысы келетін талаптарына ризамын. Олардан болашақта жақсы маман шығатындығына сенемін.
Иә, жас маман уақыт талабындағы құлшыныс үстінде. Онымен әңгіме барысында 2018-2019 оқу жылынан бастап арнаулы пәндерді фин университетінде меңгерген әдіс негізінде ағылшын тілінде жүргізу ниеті барлығын білдік. Бұл болашақ мамандардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттігін де арттырмақ.
Біз Дарханға талабың таудай болсын, бауырым демекпіз.

Нұрлыбек МҰРАТБЕКҰЛЫ,
журналист.

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар