Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өткен жылы 46 жемқор сотталды - АРҚА АЖАРЫ

Өткен жылы 46 жемқор сотталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінің диалог алаңында облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров, облыстық соттың азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқаларының төрағалары Ерлан Жанәділов пен Раджаб Даминов заң үстемдігі және жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында брифинг өткізді.

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров Елбасының биылғы жылғы Жолдауында белгіленген он міндеттің бірі – жемқорлықпен күрес және заң үстемдігін қамтамасыз ету жайына тоқтала келе, сот органдарына жүктелетін міндеттер мен атқарып жатқан жұмыстар жайында баяндады. 2017 жылы Ақмола облысының соттарымен барлығы 108843 істер мен материалдар қаралған екен. Сот қараған істер саны оның алдындағы жылмен салыстырғанда 31194-ке өсіпті. Сот қараған істер санының өсуінің астарында заң бұзушылықтардың көбеюі емес, ең алдымен, қарапайым халықтың сотқа деген сенімінің арта түскені жатқаны анық. Бұған сот саласында соңғы жылдарда жүргізілген реформалардың игі ықпалы тиюде дейді облыстық сот төрағасы. «Сот кабинеті» сервисі қазір толыққанды жұмыс жасайды. 2017 жылы осы сервис арқылы электрондық нұсқада 31967 арыз түскен екен. Бұл – сотқа берілген барлық шағымдардың 88,92 пайызы. Ал, 2016 жылы 20088 талап-арыз берілгендігін ескерсек, қарапайым халықтың электрондық қызметке көбірек ден қоя бастағанын бағамдауға болады. Бұрын пошта арқылы жіберілетін шақыртулар көптеген қиындықтар туғызып келген еді. Шақыртулар уақытында келмей немесе тараптардың қолына тимей қалуынан сот отырыстарына келмеушілік немесе белгіленген уақыттан кеш басталу жиі орын алып жататын. Қазіргі күні телефон арқылы жіберілетін смс шақыртулар бұл олқылықты жойып, ендігі уақытта сот отырыстары уақытында басталатын болды.
2017 жылы жемқорлыққа қатысты облыс соттарында 46 іс қаралып, жалпы көлемі 35036068 теңге айыппұл өндіріліп алынған. Өкініштісі сол, жемқорлыққа қатысты сотты болғандардың басым көпшілігі ішкі істер және атқарушы органдардың өкілдері және біразы білім саласы қызметкерлерінің үлесіне тиеді.
Облыстық соттың апелляциялық алқа төрағалары да өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндап, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар