Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеке сот орындаушылар институтын дамыту – заман талабы - АРҚА АЖАРЫ

Жеке сот орындаушылар институтын дамыту – заман талабы

5 институттық реформаның екінші реформасы «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» болып табылады.

Бұл реформаның мәні тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталуы тиістігінде, – деп Елбасы «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында атап көрсетті.
Осы екінші реформаның 27-қадамында жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқарту туралы айтылған. Бұл дегеніміз, мемлекеттік сот орындаушыларын кезең-кезеңмен қысқарту арқылы жеке сот орындаушыларының институтын одан әрі дамыту болып табылады. Мұндай тәжірибе әлемнің Франция, Германия секілді дамыған елдерінде бұрыннан бар.
Айта кетейік, жеке сот орындаушылар институты қойылған талаптарға сай келетін тұлғалар үшін өте тиімді мүмкіндік. Мәселен, жеке сот орындаушы қызметімен айналысқысы келетін, тәжірибеден өтіп жүрген азаматтарға аттестаттаудан өту үшін бұрынғыдай Әділет министрлігіне барудың қажеті жоқ. Аттестаттау аумақтық әділет органдарында жүргізіледі. Бұдан бөлек, атқарушы өндірістің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізілді. Бұл жүйе атқарушылық өндірісті электронды форматта жүргізуді, сот орындаушыларының процессуалдық іс-әрекеттерін автоматтандыруды, сонымен бірге, атқарушылық өндіріс жақтарының істің жүргізілу барысы туралы мәлімет алуын көздейді.
Осы жүйенің арқасында қаулыларды санкциялау тәртібі анағұрлым жеңілдеді. Бұрындары сот орындаушыларына сот кеңсесінің алдында кезек күтіп, қаулыны қағаз күйінде тапсыруына тура келсе, бүгінде сот орындаушыларына қаулыны автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне жіберу жеткілікті және олар санкцияны келесі күні-ақ ала алады. Санкцияны алғаннан кейін жеке сот орындаушылары борышкердің жылжымайтын мүлкіне тыйым салу үшін құжатты тіркеуші органдарға жіберуге міндетті болатын. Қазіргі таңда енгізілген жаңашылдықтардың арқасында үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап жеке сот орындаушылары ААЖ арқылы борышкердің мүлкіне тыйым сала алады және оны алып тастай алады. Қарыздары бар жеке тұлғаларға шетелдерге шығуға уақытша шектеу қою ісі де электронды форматта жүзеге асырылады.
Тыйым салынған мүлікті өткізу тәртібі де біраз жеңілдеді. Заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес, тыйым салынған мүлікті өткізу тәртібі бірыңғай электронды сауда алаңы арқылы электронды форматта жүзеге асырылады. Мұндай аукционға барлық тұлғалардың қатысуына мүмкіндік бар.
Тағы бір айта кететін жай, жеке сот орындаушылары 2016 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар істерді қараған кезде жеке тұлғаларға тегін заңгерлік кеңес береді. Себебі, оларға бұл қызметі үшін ақы республикалық бюджет есебінен төленеді.
Бүгінгі таңда Ақмола облысында 85 жеке сот орындаушысы бар. Облыстық әділет департаменті жеке сот орындаушылық қызметпен айналысқысы келетін тұлғалар үшін тоқсан сайын аттестаттау жүргізеді. Оларға әдістемелік және тәжірибелік кеңес беріп, жеке сот орындаушыларымен заңдылықтың орындалуын үнемі қадағалап отырамыз. Мемлекеттік сот орындаушылар институтын қысқарту мақсатында департаментімізде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, 2017 жылы мемлекеттік сот орындаушыларын қысқарту мемлекеттік шығындарды азайтып, жеке сот орындаушыларының көбеюіне ықпалын тигізді. Ұлт жоспарының 27-інші қадамы біздің ведомствомен нәтижелі жүзеге асырылып жатыр деп нық сеніммен айта аламыз.

Бақытжан ӨМІРЗАҚОВ,
облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар