Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
НОВРУЗ БАЙРАМЫ КУТТЫ БОЛСЫН! - АРҚА АЖАРЫ

НОВРУЗ БАЙРАМЫ КУТТЫ БОЛСЫН!

Шуағы мол, шұғылалы Наурыз мерекесі адамдарды жақындастыра түсетін, бір-біріне бауырластыратын нағыз достық мейрамы. Біз дәл осы күні бір-бірімізге деген риясыз көңілімізді білдіріп, құшағымызды жайып, достықтың арқауын одан әрі бекіте түсеміз.

Біздің татар мәдени орталығы сонау 1990 жылы Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған болатын. Содан бері жалпы мемлекеттік әрі ұлттық мүдделерді үйлестіре отырып, ұлтаралық қатынастарды дамытуға ықпал етудеміз. Міне, осы орайда біздің мақсат-мүддеміз бір арнада тоғысады деп айтуға әбден болады. Қазақстан тәуелсіздік алғалы бар ұлттың ұлттық мәдениеті мен тіліне, салт-дәстүрлеріне айрықша қамқорлық жасалуда. Міне, осындай жанашырлықтың арқасында біздің орталық өз ұлтымыздың өміршең дәстүрлерін дамытып, мәдени-ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыруда. Оның ішінде жас толқынды патриоттық рухта тәрбиелеу, халықтар арасындағы достықты сақтау басты назарда екендігін екпін түсіріп айтқым келеді. Сонымен бірге, жалпыға ортақ жасампаз істерге үлес қоса отырып, татар халқының тілін, дәстүрін дамытуға назар аударудамыз.
Жергілікті ұлттың ұлттық мерекелерімен біздің де мерекелеріміз тамырлас екендігін жоғарыда айттым. Мысалы, біздің «Сабантой», «Чак-чак байрам» тәрізді жалпыұлттық мерекелерімізде ұлттық спорттық сайыстармен қатар, өнеріміздің қаншалықты өрістегені көрініс табады. Татардың сұлу сазды әндері қазақтың қайталанбас кейіптегі ғажап ән өнерімен егіз. Екеуінде де сыр мен сырбаздық тұнып тұр.
Негізінде татар халқы сауықшыл халық. Қазіргі күні біз де Наурыз мерекесін тойлаймыз. Егер қазақ халқы Наурыз мерекесінде Қыдыр атаны тосатын болса, татарлар «Наурыз бикені» тосады.
Біздің дастархан мәзіріміз де ұқсас. Әрдайым көпшілікке ақ дастархан басындағы адал асын ұсынатын қазақтар тәрізді татар халқының жомарт дастарханы да ұлттық тағамдардың көптігінен қайысып тұрады.
Сөз соңында барша замандастарымызды нақышты Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Жаңа жылымыз құт-береке әкелсін, ақ мол болсын!

Рафаил СУЛЬКАРНАЕВ,
татар мәдени орталығының жетекшісі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар